50319
Қазақстан мен Әзербайжан арасында бірқатар құжатқа қол қойылды
Қазақстан мен Әзербайжан арасында бірқатар құжатқа қол қойылды

Бүгін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға келуіне орай жүргізілген келіссөздерден кейін екі ел арасында бірнеше меморандумға қол қойылды деп хабарлады turkystan.kz.
Атап айтқанда екі ел мынадай меморандумдарға қол қойды:
- Қазақстан Республикасы Телерадио кешені мен Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік ақпараттық агенттігі арасындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
- Қолданбалы этно-cаяси зерттеулер институты мен Баку Халықаралық мультимәдениет орталығы арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
- Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен Әзербайжан Республикасының шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
- Қазақстан Ркспубликасы Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
- Қазақстан Республикасының Отандастар қоры мен Әзербайжан Республикасының Диаспоралармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
- Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекет аралық кеңесін құру туралы хаттамаға және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.
