214
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болады
Еліміздің солтүстік-батыс бөлігі және шығысы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталмақ.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, бұрқасын болады.
Атырау облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады. Шығыс Қазақстан облысында тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.