19-қабаттан құлаған ер адам аман қалды

19-қабаттан құлаған ер адам аман қалды

19-қабаттан құлаған ер адам аман қалды
ашық дереккөзі
Воронежде ер адам 19-қабаттан көлікке құлап, тірі қалды деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде биіктен құлаған адамның видеосы пайда болған. Онда құтқарушылар ер адамды көліктің жүксалғышынан көтеріп алып жатқаны көрінеді. Ер адам тұрып, құтқарушылармен бірге жедел жәрдем көлігіне барады.

"Колесниченко көшесіне шақыру 3 сәуірде кешке келді. 1982 жылы туған ер адам 19-қабаттан көлікке құлады", - деді құтқарушы.

Оның айтуынша, ер адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Воронеж облысы РФ тергеу басқармасы өкілінің айтуынша, болған оқиға бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Тексеріс нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді ол.