"6 градус үсік жүреді": 6 өңірде ескерту жарияланды

"6 градус үсік жүреді": 6 өңірде ескерту жарияланды

"6 градус үсік жүреді": 6 өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» 4 сәуірде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Жетісу облысында түнде 1-6 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі, шаңды дауыл соғады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ұлытау облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қаласында найзағай жарқылдайды. Шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/