Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің білім басқармасына сілтеме жасап.
"Құрметті қала тұрғындары, ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беру ұйымдарындағы 0-4 сынып оқушылары үшін биығы 3 сәуірде қашықтан оқытылатынын хабарлаймыз! Айта кетейік, қаладағы 56 мектеп пен жеке мектептердің бастауыш сыныптары сабақты қашықтан оқиды. Сақ болыңыздар, қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз!" - делінген хабарламада.