Танымал боксшы өмірден озды

Танымал боксшы өмірден озды

Танымал боксшы өмірден озды
ашық дереккөзі
Жеңіл салмақтағы бокстан әлемнің экс-абсолютті чемпионы шотландиялық Кен Бьюкенен 78 жасында қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Соңғы жылдары ол деменциямен ауырып, қарттар үйінде тұрды. Ол 1982 жылы қатарынан төрт жеңілістен кейін, мансабын аяқтады. Оның есебінде 61 жеңіс (оның 27-сі нокаутпен) және сегіз жеңіліс бар. 1970 жылы Кен WBA Super жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды, ал 1971 жылы WBC бойынша титул иегері атанған болатын.