Атырауда журналистің мұрнын бұзған ер адам жеңіл жазамен құтылды

Атырауда журналистің мұрнын бұзған ер адам жеңіл жазамен құтылды

Атырауда журналистің мұрнын бұзған ер адам жеңіл жазамен құтылды
ашық дереккөзі
Атырауда сот былтыр жазда журналист, «Дорожный контроль» ақпараттық порталының тілшісі Олеся Вертинскаяға шабуыл жасаған жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап. Сотта анықталғандай, Атырау қаласының тұрғыны журналистті көліктен алдап түсіріп, ешкім жоқ жерге апарып, еш себепсіз ұрып-соққан. Кейін жәбірленушіге түрлі жарақаттар мен мұрны сынған деген диагноз қойылды. Сот ер адамға пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот азамат М.А. ауыр емес қылмыс жасағанын ескеріп, оған ҚР ҚК 44-бабының 2-бөлігінде көзделген бірқатар міндеттер жүктеліп, пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеуге және мәжбүрлі еңбекке тартуға үкім шығарды, - деп мәлімдеді Атырау облысы сотының баспасөз қызметі.
Ал зардап шеккен журналист сот үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсіретінін жеткізген. Еске сала кетсек, оқиға 2022 жылы 19 шілдеде таңертең Атырауда болған еді. Олеся Вертинскаяға жасалған шабуыл бақылау камераларына түсіп қалған. Журналист бұл шабуылды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырды. Ол бұған дейін белгісіз нөмірден қорқытатын хабарламалар алғанын айтқан. Оған тіпті «бір компания мен оның басшысынан абай болуың қажет» деген ескерту де берілген.