464
106 жастағы қалыңдық алғаш рет тұрмысқа шықты
106 жастағы қалыңдық алғаш рет тұрмысқа шықты
Бразилияда ерекше жұптың некесі қиылды. 106 жастағы Валдемира Родригез де Оливейра есімді бразилиялық зейнеткер өмірінде алғаш рет қалыңдық атанды. Күйеу жігіт қалыңдықтан 40 жас кіші деп хабарлайды 24.kz.
66 жастағы күйеу жігіт те бірінші рет үйленіп отыр. Апаресидо Диаса Джейкоба 106 жастағы Валдемира Родригез де Оливейраға ұсыныс жасаған. Бұған қалыңдық келісімін беріп, «иә» деп жауап берді. Жұбайлар есте қаларлықтай той өткізді. Қалыңдық болса тойға ақ көйлек киіп шыққан.
Валдемира мен Апаресидо қарттар үйінде тұрады. Бұл мерекені оларға еріктілер ұйымдастырып беріпті.