Ел тағдыры шешілетін маңызды кезең

Ел тағдыры шешілетін маңызды кезең

Ел тағдыры шешілетін маңызды кезең
ашық дереккөзі
1186
27 наурызда Орталық сайлау ко­мис­сиясы Парламент Мәжілісі де­путаттары­ның кезектен тыс сайлауы­ның қорытын­ды­сын шығарған болатын. 29 наурызда Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірін­ші сессиясын ашты. Конституцияға сәйкес Мәжіліс қайта жасақ­талған соң Үкімет өкілеттігін тоқтатты. 30 нау­­­­рызда Премьер-Ми­нистр лауазымына Әлихан Смайы­­лов қайта та­ғайын­далды. ОСК Сайлау қорытындысын жариялады Бұған дейін сайлаудың алдын-ала нәтижелері ту­ралы жазған болатынбыз. Кандидаттар пар­тия­лық тізім бойынша ғана емес, бірмандатты округ­тер бойынша да сайланды. Орталық сайлау комиссиясы шығарған Пар­ла­мент Мә­­жілісі депутаттарының ке­зек­тен тыс сай­лауының қо­ры­тындысы бойынша, Мәжіліс құра­мы­на алты пар­тиядан, атап айтқанда, «АМАNАТ», «Respublica», «Ақ жол», «Қазақ­стан ха­лық пар­тиясы», «Ауыл» және Жал­пыұлттық социал-де­мок­­ратиялық партиясынан 98 депутат енді. Оның ішінде 29 депутат бірмандатты округтерден сайланды. Сайлауға 7 сая­си партия тіркеліп, алтауы 5 пайыздан жо­ғары дауыс жинады. «AMANAT» партиясы – 53,90 пайыз немесе 3 431 510 дауыс; «Ауыл» ха­лықтық-демократиялық партиясы – 10,90 пайыз немесе 693 938 дауыс; Respublica партиясы – 8,59 пайыз немесе 547 154 дауыс; «Ақ жол» Қазақстан демок­ра­тия­лық партиясы – 8,41 пайыз немесе 535 139 дауыс; «Қазақстан халық партиясы» – 6,8 пайыз немесе 432 920 дауыс; Жалпыұлттық со­циал-демократиялық партиясы – 5,20 пайыз немесе 331 058 дауыс; «Байтақ» жа­сыл­дар партиясы – 2,30 пайыз немесе 146 431 дауыс; «Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90 пайыз немесе 248 291 дауыс. Партиялық тізім бойынша 69 орын­ның 40 орнын «АМАNАТ», 8-ін «Ауыл» партиясы алды. Respublica партиясы «Ақ жол» партиясына 6 орныннан тиді. 5 орын­ды ҚХП, 4 орынды ЖСДП иеленді.  width= «Алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ» 29 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясын ашты. Президент Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілгенін, оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс кел­генін, елімізде жаңа азаматтық, саяси мә­дениет қалыптасып жатқанын айтты. Со­ны­мен қатар сайлауға белсене қатысқан бар­ша азаматқа алғыс білдірді. – Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қа­сын­да жүретін болады. Мәжіліске бір­ман­дат­ты округтен де депутаттар сайланды. Яғ­ни, Парламентке түрлі әлеуметтік топ­тан шыққан өкілдердің келуіне жол ашыл­ды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атан­ды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміт­керлерді тартысты бәсекеде жеңіп шық­ты. Осылайша, елімізде демократия дәс­түрі жаңа деңгейге көтеріліп, ны­ғая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүм­кіндік берілетініне азаматтардың се­ні­мі артты, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар депутаттардың 5 жыл бойы белсенді жұмыс істейтініне се­нім білдіріп, ел мүддесі үшін қызмет етуі ке­рек екеніне баса назар аударды. – Ақпараттық технология дамыған қа­зіргі заманда халық бәрін жіті бақылап отыр. Осы ретте депутаттардың ел алдын­да­ғы жауапкершілігі артқанын атап өткен жөн. Сондықтан осы ғимаратта отырған де­путаттар 5 жыл бойы саналы, парасатты түрде белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Се­бебі ел мүддесі үшін қызмет ету қажет. Бұл – «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бас­тауы – халық» деген қағиданың тағы бір кө­рінісі, – деді ол. Одан бөлек, Мемлекет басшысы нақ­ты басымдықтар форматында жұ­мыс істеу керек екенін айтты. Пр­е­зи­дент­тің айтуынша, аса маңызды мәсе­ле­лер­ді дереу шешу қажет. Бірақ кейбір мә­се­лені кейінге қалдыруға, ал бірқатары бойынша ал­дағы шешімдердің тек жобасын белгі­леу­ге тура келеді. Әйтпесе, еңбегіміз зая кетеді жә­не қолда бар ресурстарымызды сарқып ала­мыз. – Алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ. Елімізді қарқынды да­мыту үшін сапалы заңнамалық база қа­лыптастыру керек. Ол үшін экономикаға қа­жетті ережелер мен қағидаларды өзгерту қа­жет. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жа­сал­ды. Монополиядан арылту және елі­міз­ден заңсыз шығарылған капиталды қай­тару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл елі­мізге орнықты, бәсекеге қабілетті ірі биз­нес керек емес дегенді білдірмейді. Кері­сін­ше, қажет екені сөзсіз және біз оны қол­даймыз. Ірі бизнес біздің жаңа эконо­ми­калық парадигмада жаңаша жұмыс істей бас­тайды әрі міндетті түрде дамиды. Жал­пы, ашық әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін нарықтық экономика қалыптастыру басты басымдық болып қала береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент алдағы бесжылдық ша­ғын және орта бизнесті қолдауға ар­налуы керек екенін айтты. Ұлттық жо­балар уақтылы және сапалы жүзеге асы­рылу­ға тиіс. Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұм­салуы керек. Осының бәріне Парламент ба­қылау жасауға тиіс. – Қысқасы, депутаттарға бір ғана маңыз­ды міндет жүктеледі. Яғни, әрдайым өз­ге­рістердің бел ортасында болу керек. Сіздер ше­шім қабылдайсыздар және сол үшін жұрт алдында жауап бересіздер. Халықтың мүд­десін тиімді қорғау және еліміздегі өзек­ті мәселелерді шешуге атсалысу үшін аза­маттармен тығыз қарым-қатынас ор­на­ту қажет. Еліміздің негізгі басымдықтарын бар­шаңыз жақсы білесіздер. Бұл – тұрғын­дар­дың әл-ауқатын арттыру және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Сол арқылы та­мыры тереңде жатқан мемлекеттілік дәс­түрімізді нығайта түсу. Осы орайда мен Пар­ламенттің алдағы жұмысы туралы ойым­ды ортаға салғым келеді, – деп Пре­зидент Мәжілістің алдағы жұмысының не­гізгі бағыт-бағдарына тоқталды. Бірінші, іскерлік белсенділікті ын­та­ландыру қажет. Екінші, еліміздің өн­дірістік әлеуетін барынша арттыру маңыз­ды. Үшінші, инфрақұрылымды да­мы­­туға қатысты ұстанымдарды қайта қа­рау қажет. Төртінші, азық-түлік қауіп­сіз­ді­гін қам­та­масыз етуге баса мән беру қа­жет. Бе­сінші, адам капита­лы­ның сапасын ба­рын­ша арт­тыру керек. Алтыншы, әлеу­­мет­тік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қол­дау – басты міндеттің бірі. Же­тінші, адам құқығын қор­ғау жүйесін нығайтуды жал­ғ­ас­тыру керек. Сегізінші, мем­лекеттік бас­қарудың тиімділігін жә­не стратегиялық жос­парлау­дың сапасын көтеру қажет. Президент аталған бағыттар бойын­­ша нақты қандай жұ­мыс­тар ат­қа­ры­лу керек екеніне жеке-жеке тоқ­талды. Сөз соңында баршамыздың мақ­са­тымыз әді­летті Қазақстанды құру екенін ай­тып, де­путаттардың жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектен бастап мүгедектерге және асы­раушысынан айырылғандарға берілетін жәр­демақыны 14,5 пайызға көтеруді тап­сыр­ды. «Қазақстанның Халық әртісі» ата­ғын қайта берілетін болды. Азаматтардың әлеу­меттік осал санаттарын қолдау басым мін­дет болып қала беретінін айтты. Адам сау­дасына тосқауыл қою үшін арнайы заң қа­былдануы керек екеніне тоқталды.  width= Партиялар фракциясын құрды Жаңа шақырылымдағы Мәжілістің алғашқы жалпы отырысы депу­тат­­тардың ант қабылдауымен басталды. Олар Конституцияға қол қойып, Қазақстан халқына ант берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша VIII сайланған Мәжіліс Спикері бо­лып «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ер­лан Қошанов сайланды. Содан соң депутаттар палатаның қос вице-спикерін таңдады. Спикер Ерлан Қошанов әріптестеріне Альберт Рау мен Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынып, бекітті. Мәжілістегі комитеттердің де төра­ға­­лары тағайындалды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып Асхат Аймағамбетов сайланды. Заңнама жә­не сот-құқықтық реформа комитетінің тө­­рағасы Снежанна Имашева болды. Қар­жы және бюджет комитетінің төрағасы бо­лып Мәди Такиев, ал экология мәселелері ж­әне табиғат пайдалану комитетінің тө­рағасы болып Еділ Жаңбыршин сайланды. Ха­лықаралық істер, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төрағасы ретінде Айгүл Құспан таңдалды. Аграрлық мәселелер ко­митетінің төрағасы болып Серік Егізбаев сай­ланды. Экономикалық реформа және өңір­лік даму комитетінің төрағасы Нұртай Са­бильянов болды. Мәжіліс Регламентіне өзгерістер ен­гізілгеннен кейін палатадағы 6 сая­с­и партия өз фракцияларын құрды. Ел­нұр Бейсенбаев – «АМАNАТ» партиясы­ның, Анас Баққожаев – «Ауыл» партия­сы­ның, Айдарбек Ходжаназаров – «Respublica» партиясының, Азат Перуашев – «Ақ жол» пар­тиясының, Магеррам Магеррамов – Қа­зақстан Халық партиясының, Асхат Ра­хым­жанов – ЖСДП фракциясын басқара­тын болады. Жаңа мәжілістің құрамын сарала­сақ, депутаттар 75 пайыз жаңар­ған. Яғни 25 депутат қайта мандат алып отыр. Олардың арасында партия тізімі ар­қылы қайта тағайындалғандар да, бір-ман­датты округтен сайлауға түсіп, жеңіп шық­қандар да бар. Депутаттар құрамының 18 пайызы – әйел депутаттар. Бұл өткен VII сай­ланымның құрамындағы әйелдер үлесі­мен салыстырғанда 9 пайызға кем.  width= Үкімет басшысы қайта тағайындалды 30 наурызда Мемлекет басшысы Парла­мент Мәжілісінің және «AMANAT» партия­сы­ның төрағасы Ерлан Қошановты қабыл­да­ды. Ол Мемлекет басшысына «AMANAT» пар­тиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайылов­тың кандидатурасын ұсынды. Содан соң Президент Парламент Мә­жі­лісіндегі саяси партиялар фрак­ция­ларының жетекшілерімен кеңес өткізді. – Конституцияның 70-бабына сәйкес, Мә­жілістің жаңадан сайлануына байланыс­ты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты. Осы рет­те Үкіметтің атқарған жұмысына қыс­қа­ша тоқталғым келеді. Біз соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көп­теген қиындықты бастан өткердік. Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың то­қырауына жол берген жоқ. Жұмыс орын­дарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті. Халықтың алдындағы әлеу­меттік міндеттемелер уақытылы және то­лы­ғымен орындалды. Мұның бәріне би­лік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуі­нің арқасында қол жеткіздік. Осы ынты­мақ­тастықты нығайта беру керек, – деді Мемлекет басшысы. Президент Үкімет пен Парламент эко­номиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жі­герін жұмылдыруға тиіс екенін айтты. Со­н­ымен қатар, Үкімет баса мән беруге тиіс мы­надай мәселелерге тоқталып өтті. Бірінші, тұрақты экономикалық өсім­нің жылына кем дегенде 4 пайыз бол­уын қамтамасыз ету керек. Түпкі мақ­са­тымыз – жоғары технологияға негіздел­ген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру. Екінші, инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмен­де­ту керек. Ең алдымен, азық-түліктің ба­ға­­сын реттеу аса маңызды. Сол себепті аг­роө­неркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі на­рықты өз өнімдерімізбен барынша қам­та­масыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек. Үшінші басты мәселе – инфра­құры­лым­ды дамыту. Энергетикалық ак­тив­терді жаңғыртуға жақын арада жаңа ин­вестиция тарту керек. Мемлекет басшы­сы бұл жұмысты «Тарифті инвестицияға айыр­бастау» бағдарламасы арқылы іске асы­руға болатынын айтты. Төртіншіден, аумақтық саясат жан-жақты ойластырылып жүргізілуге тиіс. Аймақтар қуатты болса, бүкіл мем­ле­кет өсіп-өркендейді. – Былтыр жаңадан Абай, Ұлытау және Же­тісу облыстары құрылғанын білесіздер. Бұл қадам осы аймақтарды тың қарқынмен да­мытуға жол ашты. Біз аймақтар ара­сын­да­ғы экономикалық теңсіздікті азайту үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек. Осы ретте Үкімет әкімдермен бірлесіп, әр­бір облыстың әлеуетін арттыруға тиіс. Әр ай­­­мақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пай­далану қажет. Мен мұны бірнеше рет айт­тым. Сондай-ақ агломерацияларды да­мы­ту мәселесіне баса назар аударған жөн. Үкімет осыған қатысты заңның мүлтіксіз орын­далуын және жоспарланған жұмыс­тың тиімді атқарылуын қамтамасыз етуге тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бесінші мәселе – адам капиталы сапа­сын көтеру. Соның ішінде мектептер мен университеттердегі білім беру мәсе­ле­ле­­­ріне де тоқталды. Президент отандық ғы­­­лымның дамуын жеке өзі қадағалай­ты­нын мәлімдеді. Денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға, соның ішінде әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге баса мән беру керек екеніне тоқталды. Ақ­параттық технологияларды дамыту мә­се­лесінің маңызын да айтып өтті. Алтыншы, мемлекеттік аппараттың жұ­мысын қайта қарап, оны жаңғырту қа­жет. Үкімет әкімшілік реформаны жал­ғас­тырып, бюрократияны барынша азайтуы керек. Мемлекеттік органдардың тапсыр­ма­ны уақытылы әрі сапалы орындауы жет­кіліксіз. Сонымен қатар Президент Үкіметтің экономика өсімін қамтамасыз ете­тін тың бастамалар көтеріп, жаңа идеялар ұсы­нып отыру қажет екенін айтты. Ми­нистр­лер мен әкімдердің қызметін баға­ла­ған кезде олардың осы бағыттағы жұмысы бас­ты назарда болады. – Мен сайлауда жеңіске жеткен партия Мем­лекет басшысына Премьер-Ми­нистр­дің кандидатурасын ұсына алатынын атап өттім. Бүгін мен Мәжіліс Төрағасы Ерлан Жа­қанұлы Қошановты қабылдадым. Жаңа ға­на фракция жетекшілерімен арнайы кез­дестім. Үкімет басшысы лауазымына «AMANAT» партиясы ұсын­ған кандидатты талқыладық. Ортақ мә­мі­леге келдік, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Ми­нистр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Конституцияның 56-бабына сәйкес Премьер-Министр лауа­зы­мына Әлихан Асханұлы Смайыловты та­ғайындау үшін Мәжілістің келісім беруін сұра­ды. Палатаның төменгі палатасының пле­нарлық отырысына қатысқан 97 де­путат дауыс берді. Смайыловтың кан­ди­­датурасын 82 депутат жақтаса, 7 адам қар­сы шықты. Та­ғы 8-і дауыс беруден қалыс қалды. Осы­лайша, Әлихан Смайылов Үкімет бас­шысы болып қайта тағайындал­ды. Алдағы уақытта министрлер кабинеті қайта жасақталып, Үкімет жаңаратын бо­ла­ды. Оған дейін экс-министрлер қазіргі мін­деттерін атқара береді. VIII шақырылым депутаттары қыметіне кірісіп кетті. Олардың қан­дай жұмыс атқаратыны, қандай мәселе көтеретіні, қандай өзгеріс әкелетіні әзірге уақыт еншісінде. Біраз уақыттан соң министрлер кабинетіне де өзгеріс енбек. Дегенмен Үкімет басшысы қайта та­ғайындалды. Сол сияқты былтыр жыл басында тағайындалған министрлер қаншалықты жаңаратыны әзірге белгісіз. Қа­лай десек те, биліктің өкілді тармағына артылатын жүк ауыр, міндет те көп.

Серіктес жаңалықтары