Ер адам отбасылық жанжалдан соң көшеге пышақпен шықты (ВИДЕО)

Атырауда ер адам отбасылық жанжалдан соң қолына пышақ ұстап көшеге шыққан деп хабарлады turkystan.kz.

Ер адам отбасылық жанжалдан соң көшеге пышақпен шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Бұл туралы бүгін, 27 наурызда Іnstagram әлеуметтік желісінде видео тарады. Желі қолданушылары аталған оқиғаға орай түрлі пікір қалдырды. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, патрульдік полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты 1986, 1993, 1994 және 2000 жылғы 4 ер адам ұсталды. Олардың арасындағы отбасылық жанжал өзара келіспеушіліктен туындағаны анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Ұсталған 4 ер адам Атырау қалалық Полиция басқармасына жеткізілген. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары, 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 1,7,9-тармақтары, 107-бабының 2-бөлігінің 4,5-тармақтары, 434 және 432-бабымен айып тағылған.