Кентаулық оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасады

Кентаулық оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасады

Кентаулық оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасады
ашық дереккөзі
Кентау қаласындағы №23 орта мектептің бесінші сынып оқушысы Аружан Смайл Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш тәлімгері Ақниет Елемесованың жетекшілігімен биші құлтемір жасады деп хабарлады turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», «Теңге алу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу», – деді Ақниет Елемесова.
Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылығы артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды. «Қара жорға» билейтін ерекше роботты ол Наурыз мерекесінде көпшілікке көрсетті. Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.