Сенбі, 10 Маусым, 2023

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалған

Жаңаөзенде кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Бала мен анасы перинаталдық орталыққа түсік жасату туралы өтініш білдірген соң күдікті ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, оқиға туралы 14 жасар қыз 24 ақпанда анасымен бірге Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталыққа әлеуметтік көрсеткіштер бойынша бірінші жүктілікті тоқтату мақсатында дәрігерге жүгінгеннен кейін белгілі болды. Қыздың жүктілік мерзімі 13-14 апта болған.

ПД өкілдерінің мәліметінше, орталық мамандары бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасының орталығына хабарлаған.

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алған.

«Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды. Бұл дерек Жаңаөзен қалалық ІІБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелген», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button