Азаматтардың өмір стандарты бағдарламасын қабылдау қажет – ЖСДП

Азаматтардың өмір стандарты бағдарламасын қабылдау қажет – ЖСДП

Азаматтардың өмір стандарты бағдарламасын қабылдау қажет – ЖСДП
ашық дереккөзі
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» президенттік-парламенттік басқару жүйесін енгізе отырып, халық парламентін құруды ұсынып отыр деп хабарлады turkystan.kz. «Біздің мақсат – халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту. Сондықтан да біз сайлауға түсіп жатырмыз. Біздің ел социал-демократтардың идеясына мұқтаж. Сондықтан саяси реформаларды жалғастыру керек. Азаматтар үшін қажетті заңдар қабылдау қажет. Біздің ұсыныстарымыз - президенттік-парламенттік басқару жүйесін енгізу. Халық парламентін құру, Сенатты тарқату. Жемқорлықпен жүйелі түрде күресу. Тергеу жүргізіп, елден ұрланған және офшорларға жасырылған қаражатты елге қайтару. Табиғи қазбаларды өңдейтін және оларды экспорттауды мемлекет қарамағына қайтару», - деді «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев пікірсайыс барысында. Одан бөлек, социал-демократтар әр адамға әлеуметтік қолдау көрсетуге уәде беріп отыр. «Азаматтардың өмір стандартын қабылдау қажет. Яғни зерттеу жүргізіп, арнайы бағдарлама енгізген дұрыс. Бағдарламада адамдардың негізгі қажеттіліктері ескерілетін болады. Біз үшін келесі сұрақтар маңызды. Тегін білім беру және медицина. Мектептер, ауруханалар басқа да әлеуметтік нысандар салу. Тұрғын үй бағдарламаларын қайта қарап жетілдіру. Сонымен қатар ауылдың жағдайын жақсарту керек. Жемқорлық пен олигархтармен күресті жалпы ұлттық деңгейге көтеру. Шенеуніктердің міндетті түрде декларация тапсыруы. Заңсыз байлыққа жол бермеу. Несие пайыздарын төмендету. Энергетика нысандарын және коммуналды кәсіпорындарды мемлекет қарамағына қайтару. Сондай-ақ біздің сайлауалды бағдарламамыздға елден заңсыз шығарылған қаражаттарды қайтару бойынша ведомствоаралық комиссия құрамына бізді енгізуді талап етіп отырмыз. Бұл арнайы заңмен реттелуі қажет», - дейді ол.