Наурыз мейрамы қарсаңында «Samruk-Kazyna Trust» БАҚ өкілдерінің басын қосты

Наурыз мейрамы қарсаңында «Samruk-Kazyna Trust» БАҚ өкілдерінің басын қосты

Наурыз мейрамы қарсаңында «Samruk-Kazyna Trust» БАҚ өкілдерінің басын қосты
ашық дереккөзі
Бүгін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні қарсаңында БАҚ өкілдерінің басын қосып, ерекше форматтағы кездесу өткізді.  Басқосуда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының басшылығы журналистерді Наурыз мейрамымен құттықтап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.  width= Әңгіме барысында өңірлерге әлеуметтік көмек үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетілетіні, бұл орайда көптеген игілікті істің атқарылып жатқаны айтылды. Қор басшысының сөзінше, мәселен 2022 жылы компаниялар тобының бірыңғай операторы арқылы 10 млрд теңгеге 43 әлеуметтік жоба жүзеге асырылған. Өз кезегінде, журналистер мұқтаж жандардың үнін жеткізіп, қолұшын созуда алтын көпір болатындарын жеткізді.  width=  width=  width=