Астаналықтар сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүреді

Астаналықтар сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүреді

Астаналықтар сайлау күні қоғамдық көлікпен тегін жүреді
ашық дереккөзі
19 наурыз күні Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтеді. Елордада сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін бұл күні қалалық маршруттардың бәрі тегін жүретін болады деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
«19 наурызда автобустар таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін штаттық режимде жүреді. Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады. Ал 20 наурыздан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындары елордадағы сайлау учаскесін бірнеше тәсілмен онлайн біле алады:
  1. Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
  2. Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot
  3. Smart Astana мобильді қосымшасы;
  4. IKomek бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны бойынша.