228
УЕФА EURO-2016-ға қатысқан қазақстандық клубтарға 1,2 млн еуро бөлді
УЕФА EURO-2016-ға қатысқан қазақстандық клубтарға 1,2 млн еуро бөлді
EURO-2016 іріктеу және ақтық кезеңіне қатысқан барлық 54 ұлттық қауымдастық клубтарына УЕФА 150 миллион еуро қаражат бөлді. Бұл туралы УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап KazFootball.kz хабарлады.
Ойыншылары EURO-2016 іріктеу және ақтық кезеңіне қатысқан 641 клуб УЕФА-дан төлемақы алады. Аталып өткендей, барлық 54 ұлттық қауымдастық клубтары УЕФА-дан қаржы алады.
ЕУРО-2016 аясында 329 матч өткен болатын. Оның 278-і іріктеу, ал 51-і финалдық кезең. 2015 жылы мерзімі созылған, УЕФА мен Еуропалық клубтар қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум шарттарына сәйкес, клубтарға 150 миллион еуро төленеді - бұл ЕУРО-2012 салыстырғанда, 50 миллионға артық.
УЕФА Атқару комитеті бекіткен табысты бөлу принципіне сәйкес, 100 миллион еуроны ойыншылары ЕУРО-2016 финалдық кезеңінде ойнаған клубтар алады. Қалған 50 миллион еуро ойыншылары іріктеу матчтарында ойнаған клубтарға беріледі. Мұнда ойыншылардың финалдық кезеңге шыққаны немесе шықпағаны маңызды емес.
Қазақстанның 12 клубы жалпы сомасы 1 199 386 мың еуро қаражат алады:
- «Қайрат» - 316 225
- «Ақтөбе» - 239 664
- «Астана» - 217 489
- «Ордабасы» - 150 355
- «Шахтер» - 87 707
- «Тараз» - 50 118
- «Атырау» - 45 941
- «Ертіс» - 33 412
- «Тобыл» - 29 235
- «Қайсар» - 16 706
- «Жетісу» - 8 353
- «Оқжетпес» - 4 176.