"Самұрық-Қазына" бюджеттің қыруар қаржысын шығындаған

"Самұрық-Қазына" бюджеттің қыруар қаржысын шығындаған

"Самұрық-Қазына" бюджеттің қыруар қаржысын шығындаған
ашық дереккөзі
252
         Қаржылық тексеріс жүргізу барысында Есеп комитеті "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының бюджетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтіргенін анықтады деп хабарлайды 24.kz. Белгілі болғандай, «Самұрық-Қазына» өзінің еншілес компанияларын қор нарығына шығару жоспарын орындамаған. Алты компанияның тек екеуі ғана акцияларын ІРО бағдарламасына өткізіпті. Бұл құнды қағаздарға 160 мың адамның небәрі 75-і ғана ие болған. Алайда қор өкілдері анықталған заңбұзушылықтармен келіспей отыр. "Бағдарлама 2011 жылдың қыркүйек айында бекітілген. Жоспарды әзірлеу алдында мақсаттарды айқындап, оны жүзеге асыру жолдарын алдын ала қарастыру керек еді. Енді бұл заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту үшін ұсыныс жасап отырмыз. «Самұрық-Қазына» қандай шара қолданатынын өзі шешеді", - дейді Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Айгүл Мұхаметкәрім.

Серіктес жаңалықтары