Полицейлер ішімдік ішкендерге қару қолданған

Полицейлер ішімдік ішкендерге қару қолданған

Полицейлер ішімдік ішкендерге қару қолданған
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының 3 тұрғыны полицейлерге бағынбай, оларға жұдырық ала жүгірген. Тәртіп сақшылары қару қолдануға мәжбүр болды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 наурызда кешқұрым Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласында болған. Патрульдеуге шыққан учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйлердің аулаларының бірінде жиналып, спирттік ішімдік ішіп отырған топты байқаған. Қоғамдық тәртіпті бұзғандығы жөніндегі полицейлердің ескертпесін олар агрессиямен қабылдап, билік өкілдеріне күш көрсеткен. Полиция қызметкерлерінің бірі «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға сәйкес қызметтік қарумен алдымен аспанға атып,нәтиже бермегеннен кейін қолдануға мәжбүр болған. Құқық бұзушылардың екеуі медициналық көмекке жүгінді, алайда оларды ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. «Қазіргі уақытта үш күдікті – 38, 27 және 20 жастағы жергілікті тұрғындар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 4-бөлігі «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қылмыстың бұл түріне 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.