189
Қазақстан бесінші алтынға қол жеткізді
Қазақстан бесінші алтынға қол жеткізді
Қазақстан құрамасы қысқы Универсиада ойындарының бесінші алтынын олжалады. Могулдан финалдық жарыста фристайлшы Дмитрий Рейхерд 79.94 ұпайымен бірінші орыннан көрінді.
Жарыстың күміс жүлдесі ресейлік Сергей Шимбуевқа (79.11) бұйырса, қола жүлдені тағы бір қазақстандық Павел Колмаков жеңіп алды.
Еске сала кетейік, бүгін биатлоншы Галина Вишневская мен фристайлшы Юлия Галышева елімізге екі алтын сыйлаған, осылайша Қазақстан құрамасы үшін 2 ақпан сәтті күн болып, қоржынымыз 5 алтынмен толыға түсті.