«AMANAT»: халықтың бірінші сұранысы – жайлы тұрмыс пен тұрақты жұмыс

«AMANAT»: халықтың бірінші сұранысы – жайлы тұрмыс пен тұрақты жұмыс

«AMANAT»: халықтың бірінші сұранысы – жайлы тұрмыс пен тұрақты жұмыс
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына кандитаттар «Жан-Арай» ЖШС ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамен танысқан көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Жиында әлеуметтік мәселелер, жастарды қолдау, бизнесті дамыту жайы айтылды. Кандидаттар сайлауалды бағдарламаның әр бөліміне жеке-жеке тоқталып, саяси науқан жайлы толық мағлұмат берді. Алдағы мақсат-жоспарлармен бөлісті.  width= Алғы сөзді алған облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мақсұт Нәлібаев игерілмеген жайылымдық жер – еліміздегі өзекті мәселелердің бірі екендігін жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жайылымдық жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді нықтап тапсырған болатын. Бұл ретте аталған мәселені шешу үшін Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясымен каншама гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінде осы жерлерді халыққа тиімді бөліп беру мәселесі жүріп жатыр деді»,-деді үміткер.
Сонымен қатар, кездесу барысында депутаттар «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар мен алдағы жоспарларға тоқталып өтті. Үміткер Жорабек Нұрымбетов кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекеттің жүзеге асырып отырған жобалар жайлы сөз қозғап, ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтардың сұрақтарына жауап берді.  width=
«AMANAT» партиясының бағдарламасы халықтың ұсыныс-пікірі негізінде дайындалды. Халықтың бірінші сұранысы – тұрмыс пен тұрақты жұмыс. Сондықтан жеке баспана, лайықты жалақы, сапалы білім мен медицина қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы керек. Мұның барлығы партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылып отыр», - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер.
Ал Бақдәулет Мақашов еліміздегі туризм саласы, сапалы жол, жемқорлықпен күрес мәселесі, жастарды жұмысқа орналастыру және оларға қажетті жағдай жасау маңызды қадамдардың бірі екендігін айтты. Кездесу соңында үміткерлер ұжым мүшелерін  19 наурызда өтетін сайлауда белсенді болуға шақырды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді