Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, сот кейінге шегерілді

Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, сот кейінге шегерілді

Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, сот кейінге шегерілді
ашық дереккөзі

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы кейінге шегерілді деп хабарлады turkystan.kz.

Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы кейінге қалғанын мәлімдеді. Бұған дейінгі сот отырысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

Айта кетейік, Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.