ДАУДЫҢ БАСЫ – ДУАЛ

Трамптың президенттігі жанжалдан басталды. Шындығында, бұған ешкім таң қалмайды. Себебі оның бір жарым жылдық сайлауалды үгіт-насихат науқаны дау-жанжал мен айтыс-тартысқа, шағымдар мен кикілжіңге толы болатын. Ал оның төрткүл әлемді шулатқан уәделерінің өзі неге тұрады? Трамп өзінің сол уәделерінің бірін орындаймын деп, АҚШ-тың құдайы көршісі Мексикамен арада дипломатиялық жанжал тудырды.

Америка – енді бұрынғы Америка емес

Иә, АҚШ президенті Дональд Трамп билікті өз қолына алысымен, сайлауалды уәделерін орындауға кірісті. Осыдан бір жыл бұрын ол «Мексикамен арадағы шекарада дуал тұрғызып, заңсыз мигранттар ағынын тоқтату керек» деп мәлімдеме жасағанда, оның бұл ойын жүзеге асыратын күн туатынына ешкім сенбеген. Ал оның «АҚШ-қа мұсылмандарды кіргізбеу керек» деген сөзі Американың өз ішінде ғана емес, Ұлыбритания мен Германияда, басқа еуропалық елдерде наразылық тудырған. Бірақ бүгінде президент Трамптың айы оңынан туып, айтқаны болып тұр.

Өткен жұма күні Дональд Трамп миграциялық саясат туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жарлыққа сәйкес, сириялық босқындарды қабылдауға тыйым салынып, ал басқа елдерден келетін босқындарды АҚШ аумағына кіргізу 120 күнге дейін тоқтатылды.

Дональд Трамп осылайша «радикалды мұсылман террористерін» ел аумағына кіргізбеуге ниетті екенін жариялады.

АҚШ-тың босқындарға құшақ жайып отырмағаны онсыз да белгілі еді. Былтыр, яғни Барак Обама президенттігінің соңғы жылында АҚШ 10 000-дай сириялық босқынды қабылдаған болатын. Салыстыру үшін айталық, халқының саны әлдеқайда аз Канада былтыр 35 000 сириялықты паналатты.

Сонымен, Трамптың бұл жарлығы сириялық босқындардың Америкаға келу үмітін біржола кесті.

Жалпы, 2017 жылы АҚШ 50 мыңдай босқынды қабылдауы тиіс, бірақ Трамп бұл бағдарламаны орындауды төрт айға шегеріп отыр. Бұған қоса, Ақ үй діни сенім-нанымы бойынша қудаланған босқындарды қабылдайтынын ашық айтты. Бірақ олардың мұсылман еместер екені анық сияқты. Себебі жергілікті христиандық телеарнаға берген сұхбатында Ақ үй басшысы «сириялық христиандарға көмек қолын созу керектігін» айтқан.

Бұған қоса, АҚШ-қа жеті мемлекеттің – Судан, Йемен, Ливия, Сомали, Ирак, Иран және Сирия азаматтарына 90 күнге дейін АҚШ аумағына кіруіне уақытша шектеу қойылды.

Ақ үйден таратылған мәлімдемеде президенттің бұл жарлығы ең әуелі АҚШ-тың ұлттық мүддесін көздейтіні ашық айтылған.

Дональд Трамптың өзі: «Бұл тыйым барлық мұсылмандарға қарсы бағытталмаған» десе де, аталған елдердің тұрғын халқының көпшілігі мұсылман екені белгілі. Сондықтан оның «Мұсылмандарды АҚШ аумағына кіргізбеу керек» деген ұранын жүзеге асыруға кіріскені түсінікті.

Сонымен қатар, АҚШ-қа виза алуға өтініш білдіргендер енді міндетті түрде әңгімелеу сынағынан өтетін болады. АҚШ-қа сапарлатып келген басқа мемлекеттер азаматтарын бақылауды оңайлату үшін биометрикалық жүйені енгізуді тездетуге пәрмен етілді.

Жарлық күшіне енісімен, аталған мемлекеттердің азаматтарына ұшаққа билет сату бірден тоқтатылған. Тіпті америкалық визасы бар азаматтардың өзін шекарадан жібермей жатқаны туралы хабарлар түсіп жатыр. Трамптың жарлығы «жасыл картасы» бар, яғни тұрғылықты тұруға рұқсаты бар азаматтардың өзін елден шығаруға түрткі болуда. Жер-жердегі әуе компаниялары АҚШ-қа бет алған ирактық, ирандық, яғни, аталмыш жеті мемлекеттің азаматтарын жолдан тоқтатып, траптан түсіріп алып қалып жатыр.

АҚШ президенті қабылдаған бұл шешімдердің салдары қандай болары белгісіз. Әсіресе, мораторий жарияланған мемлекеттердің ешқайсысы қарымта «жауап» қайтарған жоқ. Тек Ирак парламенті ел басшылығын Вашигтонға қарсы әрекет етуге үндеген еді. Бірақ осы аптада Ирак мемлекеті АҚШ президентінің бұл шешіміне қарсы ешқандай әрекет жасамайтынын мәлімдеді. Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади «ДАИШ» экстремистік ұйымымен күресте Вашингтонмен тізе қосып бірге қимылдауды жөн көретінін айтқан. Ол: «Біз түрлі шешімдер қарастырып жатырмыз, бірақ ұлттық мүддеге қайшы әрекет етуден сақ болуымыз керек», – деді.

Бұл жарлық америкалық құқық қорғаушылары мен сарапшылардың қынжылысын туғызды. Тіпті, президент жарлығының заңсыз екенін жариялап, оны сотқа бергендер бар.

«Мексика дуалдың қажеттігіне сенбейді»

Дональд Трамп сайлауалды науқаны кезінде мексикалықтарды «есірткі тасымалдаушылар», «зорлық жасаушылар» деп атағаны есімізде. Бірақ кейін ол сөзіне абай болуға үйрене бастады, былтыр күзде Мексика президентімен кездескен кезде мексикалықтарды «еңбекқор, тамаша халық» деп тамсанғаны бар.

Әйтсе де, 25 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ пен Мексика арасында дуал соғу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл аз болғандай, ол бұл қабырға құрылысының бар шығынын Мексика өз мойнына алуы тиіс деп санайды. Жаңадан сайланған президент Мексикамен арада тұрғызылатын дуалға америкалық салық төлеушілердің ақшасы жұмсалмайды деп уәде еткен болатын.

Бұл жарлыққа қол қойған күнді Трамп «өте маңызды күн» деп атады. «Бұл – біздің ұлттық қауіпсіздігіміз үшін атаулы күн. Басқасын былай қойғанда, біз дуал тұрғызамыз», – деді ол.

Трамптың ойынша, дуал Оңтүстік Америкадан келетін заңсыз мигранттар мен есірткі тасымалына тосқауыл болады. Бұған қоса, шекараны күзету үшін қосымша он мың жұмыс орны ашылатыны белгілі болды.

ABC телеарнасына берген сұхбаты барысында Дональд Трамп: «Мексика дуалдың құрылысын 100 пайыз мойнына алады», – деді нық сеніммен.

АҚШ билігі 1991 жылдан бері Мексикамен арада металдан құрастырылған қабырға тұрғыза бастаған, бірақ бұл қабырға шекараның үштен бірін ғана бойлап жатыр.

«Трамп дуалы» аталған жоба бойынша, екі елдің арасына тұрғызылатын жаңа қабырғаның ұзындығы орта есеппен 3200 шақырымға жетеді. Ал оның құрылысына шамамен 12 миллиард доллар керек. Бірақ сарапшылардың есебіне жүгінсек, бұл дуалды тұрғызу шығыны 25 миллиард доллардан асуы ғажап емес.

АҚШ президентінің жарлығы жария болысымен, Мексика президенті Энрике Пенья Ньето Вашингтонға жоспарланған ресми сапарынан бас тартты.

Мексика басшылығы бұл дуалды салуға қаржы бөлмейтінін айтумен келеді. Мексика президенті «Мексика дуалдың қажеттілігіне сенбейді», – деді. Ол өз халқына Мексика бұл дуалдың құрылысына бір песо жұмсамайтынын айтып, уәде берген.

Ал Дональд Трамп «Твиттердегі» парақшасында: «Егер Мексика өте қажетті қабырғаны тұрғызуға қаржы жұмсағысы келмесе, онда алдағы кездесуді кейінге қалдырған жөн», – деп жазды.

Бұдан соң Ақ үй басшылығы Мексикадан келетін тауарларға импорттық салықты ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. АҚШ президенті бұл мәселені Конгресс мүшелерімен ақылдасып, салықтан түсетін ақшаны дуал құрылысына жұмсау туралы ойын ортаға салған. Осылайша, Трамп «берсе – қолынан, бермесе – жолынан» деп, тізеге басудан тайсалмайды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсердің айтуынша, 20 пайыздық импорттық салық Америка қазынасына жылына 10 миллиард доллар түсім әкеледі. Ал қазіргі таңда «Мексикадан тасымалданатын тауарларға еш салық салынбайды», – деді ол.

Бірақ кейбір америкалық сенаторлардың айтуынша, мексикалық тауарларға импорттық салық енгізу түптің түбінде америкалық тұтынушыларға зардабын тигізеді. Себебі Мексика өз тарапынан қарымта ретінде америкалық тауарларға салық енгізуі мүмкін.

Бұған дейін Мексика президенті Энрике Пенья Ньето соңғы он жылда АҚШ-қа заңсыз мигранттар саны біршама азайғанын мәлімдеген болатын. Ал әлеуметтанушылар соңғы екі-үш жылда АҚШ аумағына келген Мексика азаматтарынан гөрі бұл елді тастап шыққан мексикалықтар саны көп екенін хабарлайды.

Осы аптада Берлиннің бургомистрі Михаэль Мюллер Дональд Трампты дуал тұрғызудан бас тартуға шақырды. Бургомистр «мұндай шешім миллиондаған адамның тағдырын ойран етуі мүмкін» деп мәлімдеген. «Біз, берлиндіктер, тұтас континентті екіге бөлудің қандай зардап әкелерін өте жақсы білеміз» деген бургомистр тарихтағы Берлин қабырғасын еске салды. Бірақ АҚШ президенті мұндай ескертулерге құлақ асатын ыңғай танытпайды.

АҚШ Конгресі Мексикамен арада салынатын қабырғаның құрылысын қаржыландыруды әлі мақұлдаған жоқ. Егер бұл жоба іске асатын болса, «Трамп дуалы» әлі талай дауға себеп болары анық.

«Ресеймен қарым-қатынасымыз тамаша болады»

Трамптың сайлауалды уәделерінің бірі – Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту болатын. Айтса айтқандай, былтыр қараша айындағы сайлаудан соң бір аптадан кейін Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен. 28 қаңтарда екі президент тағы да телефон арқылы әңгімелесті. Ресми дереккөздер олардың «ДАИШ» террористік ұйымымен күрес жайын және Сирия тағдырын талқылағанын айтады. Бір сағаттық әңгіме барысында бұдан басқа халықаралық мәселелер мен екіжақты байланыс сөз болғаны түсінікті. Осыдан соң АҚШ пен Ресей президенттері алдағы үш-төрт айда кездесуі мүмкін екені жайлы сыбыс тарады. Екі президент бір-бірімен жүздес те, таныс та емес екендіктерін айтқанымен, бұған дейін бір-біріне сырттай мақтау айтып, қолдау білдіріп жүргені жасырын емес. Трамп жақында ғана Ресейге қарата: «Біздің қарым-қатынасымыз тамаша болады деп үміттенемін» деген болатын.

Путинмен сөйлесердің алдында Трамп Ангела Меркельмен телефон арқылы хабарласқан. Германия канцлерімен сұхбат 45 минутқа созылған көрінеді.

Кешегі аптада Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэймен кездескен АҚШ президенті: «Ресейге қарсы қабылданған санкциялардың күшін жоюға әлі ерте», – деді. Вашингтонға арнайы сапармен барған Мэй ханым Ақ үй басшысын Ресейге қарсы экономикалық құрсауды босатпауға үгіттеген көрінеді.

Трамптың тағы қандай уәдесі бар?

Трамп өзіне дейінгі президенттің кезінде қабылданған заңдардың 70 пайызының күшін жоюға уәде берген. Оның ішінде, халықаралық келісім-шарттар мен «Obamacare» деп аталып кеткен денсаулық сақтау саласының реформасы бар.

Президенттігінің алғашқы күндерінің өзінде Дональд Трамп Транс-Тынық мұхиты серіктестігі туралы келісімнің және Медициналық сақтандыруды қамтамасыз ету туралы бағдарламаның күшін жоятын жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ Обама мұрындық болған климаттық өзгерістердің салдарын жоюға және жасыл энергетиканы дамытуға қатысты құжаттардың да күресінге тасталатыны белгілі болды. Осылайша, Дональд Трамп өзіне дейінгі президент Обаманың сегіз жылдық жұмысын жоққа шығарып жатыр.

Осы күндері Трамп АҚШ, Канада және Мексика арасында 1994 жылы жасалған Солтүстік Америка еркін сауда туралы келісімді қайта қарауға байланысты келіссөздерді бастап кетті. «Ең әуелі АҚШ!» деп ұрандатқан Ақ үй басшысы бұл келісімнен бас тартуы мүмкін екенін жасырмайды.

Оның тағы бір уәдесі НАТО-мен қарым-қатынасты қайта қарауға қатысты болатын. Әзірге Трамп бұл мәселе бойынша нақты ұстанымын жариялаған жоқ. Ұлыбритания премьер-министрімен кездесу барысында ­НАТО-мен әріптестіктің одан әрі жалғасатынын ғана айтты. Мэй ханым болса, «АҚШ президенті НАТО-ны 100 пайыз қолдайды» деп мәлімдеді.

Тағы бір маңызды мәселе – Трамп АҚШ-тың ядролық қуатын арттыра түсу керек деп санайды. Қазіргі таңда АҚШ пен Ресейдің ядролық қуаты жер бетіндегі ядролық арсеналдың 90 пайызын құрайтыны мәлім. Бұл екі елдің иелігіндегі ядролық қару бірін-бірі бірнеше мәрте жоюға жетеді. Соған қарамастан, Дональд Трамп әскери шығындарды ұлғайтуға, ядролық арсеналды одан әрі арттыруға бейіл. Ол «Твиттердегі» парақшасында: «АҚШ өзінің ядролық қабілетін күшейтіп, одан әрі арттыра түсу керек. Барша әлем бұл қаруға деген көзқарасын өзгерткенше солай болуы тиіс» деп жазған еді. Бұл да Обаманың ұстанған саясатына қайшы. Ақ үйдің қазіргі басшысы болса, ядролық қаруды террористік ұйымдарға қарсы қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осындайда, Хиллари Клинтонның Дональд Трамп туралы: «Оған ядролық чемоданды ұстатуға болмайды» деген сөзі еске түседі еріксіз…

 

Редакция таңдауы

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. «Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...
zabirova

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы...
whatsapp image 2021 04 19 at 21.41.12

Әлеуметтік желі теріс діни ағымдардың насихаты үшін таптырмас алаңға айналып отыр

Ислам атын жамылған деструктивті діни ағымдардың белсенді дамуы, әдетте, белгілі бір тарихи...
whatsapp image 2021 04 19 at 22.31.56

Интернетте деструктивті діни материалдарды таратқандарға қандай жаза қолданылады – маман пікірі

Мади  Тайпин,  Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры: -   Мади Шойынбекұлы, әңгімемізді бастамастан...

Жаңалықтар

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. «Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның...

Әлеуметтік желі теріс діни ағымдардың насихаты үшін таптырмас алаңға айналып отыр

Ислам атын жамылған деструктивті діни ағымдардың белсенді дамуы, әдетте, белгілі бір тарихи оқиғалар мен саяси жағдайларға тұспа-тұс келеді. Еліміз соңғы онжылдықта әртүрлі саяси-тарихи кезеңдерді...

Интернетте деструктивті діни материалдарды таратқандарға қандай жаза қолданылады – маман пікірі

Мади  Тайпин,  Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры: -   Мади Шойынбекұлы, әңгімемізді бастамастан бұрын орталықтың жұмыс барысына тоқталып өтсеңіз. Елордадағы діни ахуал қалай? -   Біздің...

Б.Байбек: «Болашақ» бағдарламасы – Елбасының сәтті іске асырған жобасы

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған мамандардың ел дамуына қосқан үлесі зор екенін айтады. Бұл туралы ол саясаткер...

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастаған

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастап, мазақ етті, деп хабарлайды Liter.kz.   "Медеу аумағында "маньяк" бар. Иттің төрт сирағын, сіңірлерін, мұрынын кесіп тастады. Ол...

«Тұрғын үйлерді бұзуға тура келеді». Алматыда жаңа экологиялық орталық салынбақ

Алматыда экологиялық инновациялар орталығын салу үшін "Қазақфильм" студиясының жанындағы тұрғын үй алабын бұзу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ⠀ Үйлерді бұзуға тура келетіні әкімдіктің презентациясында көрсетілген. ⠀ Алматы әкімдігінің...

Ақмола облысында бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

Целиноград аудандық партия филиалына қарасты «Родина» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бұл ұйымда 4 партиялық топқа біріктірілген 133 партия мүшесі бар. Іс-шара барлық карантиндік...

Түркістан облысында тағы бір үлкен той тоқтатылды

Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, бесік той өткізіп жатқан тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Созақ АПБ-ның қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау...

Семей қаласының аумағы кеңеймек

Семей әкімдігі қалалық мәслихатпен бірлесіп "Семей қаласының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы" қаулысын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz. Қаланың шекарасы үш елді мекенді қосу есебінен...

Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында партияның ұйымдастыруымен Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Аталған жиынға Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің...

«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының есептік жиналысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес 1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымында есептік-сайлау жиналысы...

Әнуарбек Байжанбаевтың шеберлігі

Қазақ радиосының тарихына ой жүгіртсек, есімізге ең бірінші Әнуарбек Байжанбаевтың есімі оралатыны сөзсіз. Әнуарбек Байжанбаев өмір бойы Қазақ радиосында диктор болып қалың жұртшылыққа кеңінен...

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта орындалуы тиіс мәселелер...

Қазақстан жастарына этномәдени дәстүрді сіңіруіміз қажет – Әділбек Ыбырайымұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» атты республикалық семинары өтті. Аталған онлайн жиында Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы «Қазақ  ұлтынан этностардың...

Келелі жиын – келешек үлесі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіре түсер мақсат бар. Нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары...

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды

Лондондағы "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен кетті. Бұл жаңалықты vesti.ru сайты Тhe Athletic-тің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Моуриньо 2019...

Әскери қайраткер Ким Серікбаев қайтыс болды

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды. Қайғылы хабарды Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық...

«Тоқтықтан»: Асты аяқ асты еткен челлендж жұртты ашуландырды (видео)

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер тамақты аяқпен таптаған. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Мұның арты жақсы болмайды....

Қазақстандық дизайнер Нұр-Сұлтанда Сақ алаңын салуды ұсынды

Отандық сәулет дизайнері Мансура Жәкен қазақстандық қалалардың бейнесін қазақтардың этникалық стилінің элементтерімен қайта жасауды ұсынды. Оның пікірінше, астанада "аң стилінде" сәнделген және ежелгі сақ...

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркінен 66 шам ұрланған. Полицейлер екі жүргізуші мен көше мен саябақты жарықтандырумен айналысатын ЖШС монтерін күдікті деп танып отыр, деп хабарлайды...

Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты

Ұлттық банк интернет-дүкеннің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Қазақстан Ұлттық Банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталардың онлайн саудасын жаңарту үшін пилоттық...

Мүмкіндігі шектеулі Қазақстандық әйел Эверест шыңын бағындырды

Мария Әуезова Эверестің биіктігі 5364 метр болатын шыңын бағындырды. Мариямен бірге бірге күйеуі мен тәлімгері де тауға бірге шыққан - деп хабарлады sxodim.astana Instagram...

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заңға қол қойды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.  Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен...

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы...

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолдың қаупі туралы айтты

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолды шамадан тыс қолдану қауіп тудыруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды ВЗГЛЯД басылымы. Дәріні шамадан тыс қолданудың белгілері -...

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – 1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе...

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО)...

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Рәпіл Жошыбаев –  1963 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында...

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz  "2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері...

«Қазақстан темір жолының» БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры тағайындалды

Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады. Қайсар Жұмабайұлының...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Президент жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы бойынша Қырғыз Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі және Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. Хабарламаға...

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды akorda.kz. «Әкеңіздің...

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп, бірнеше бөлікке бөлінді, – деп жазды Sky News. 2017 жылы Антарктика жартылай түбегінің мұздығынан ажыраған кезде оның ауданы 5800...

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәлімет берді. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам...

Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Бүгін, 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  еліміздің шетелдегі бірқатар төтенше және өкілетті елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат...

Павлодарда қарағай орманынан шыққан өрт мың гектарға жетті

Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті. «Галкин ауылдық округінің екі елдімекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын...

«Кездесуге шақырамын». Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты

Әнші Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бойжеткеннің видеосын жариялап, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады...

Ерлан Саиров: Шекараны жергілікті халықтың ыңғайына оңтайландыру амалын қарастыру абзал

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырау облысындағы Көптоғай ауылының тұрғындарын алаңдатқан Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты мәселеге орай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. «Атырау облысы, Құрманғазы...

Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6...

Жамбыл облысында төрт елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартты. Осы төрт елді мекендегі 22 дүкен иелері ішімдік сатуға берілген...

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы...

Қазақстан Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, – деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметі. Ал соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан...

Келіссөз жүріп жатыр: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, – деп жазды Sports.kz. Алғашқы болып...

Қызылордада қолдан жасалған құрттан есірткі табылды

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемедегі қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды. Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің...

19 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1960 жылы 19 сәуірде Бұқтырма су қоймасын толтыру басталды. 1993 жылы Алматыдан Түркияның Трабзон қаласына алғашқы жолаушылар әуе рейсі ұшырылды. Бортында 120 турист болған...

Өткен тәулікте 2700-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады  coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 436, Алматы қаласы - 665, Шымкент қаласы - 114,...

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін...

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста есімдері төменде аталған балуандар жеңіс тұғырына көтерілді: 57 келі: 1. Құмар Рави (Үндістан), 2. Әлиреза Сарлақ (Иран),...

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тасжол бойындағы саяжайдан өрт шықты. Бұл туралы саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында жариялады. «Қорғалжын тасжолы бойындағы саяжайлар өртеніп...

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мәкешқызы өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады. Ол...

Нобель сыйлығының бес лауреаты Навальный ісі бойынша Путинге ашық хат жолдады

Францияның Le Monde басылымы және британиялық The Economist журналы әлем жұлдыздарының Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатын жариялады.  Онда танымал адамдар колонияда отырған оппозиционер...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы tass.ru хабарлады. Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында өткен тексерісте оның қанында антиденелердің жеткілікті...

Шыңжаңдық тағы бір қандасымыз Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирінен жақсы жаңалық келді. Шыңжаң өлкесінен шыққан Уәлихан Серікұлы 60 келі салмақта грек-рим күресінен өнер көрсетіп, Токио...

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...