Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарымен Шідертіге барды

Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарымен Шідертіге барды

Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарымен Шідертіге барды
ашық дереккөзі

Парламент мәжілісіне үміткер Анатолий Бойчин, облыстық мәслихатқа үміткер Серік Сәдуақасов және Екібастұз қалалық мәслихатына кандидаттар Шідерті ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауыл тұрғындарын қазандықтарды жөндеу, иесіз иттердің көбейіп кетуі және Ертіс арнасы жұмыскерлерінің жалақы мәселелері толғандырады.

 width=

Үміткер Анатолий Бойчин «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Онда ауылдың жағдайын және әл-ауқатын арттыруға ерекше басымдық берілген.

Біздің күш-жігеріміз облыстың ауыл шаруашылығы секторын қолдауға және дамытуға, ауыл қызметкерлерінің табысын одан әрі арттыруға бағытталатын болады, — деді Анатолий Бойчин.

Оның айтуынша, ауылдарда жағдай жасай отырып, жас мамандарды жұмысқа тарту басымдықта қалады. Ол бизнестің ауылдарды дамытуға қосқан ерікті үлесі бойынша жұмысты жалғастыру өте маңызды екенін айтты.

 width=

Серік Сәдуақасов тұрғындарға «AMANAT» партиясы облыс орталығынан бастап шалғайдағы ауылға дейін облысымыздың әрбір елді мекенінде лайықты өмір сүру жағдайларын жасау үшін бар күшін салатынын атап өтті.

«AMANAT» партиясы жауапкершіліктен қорықпайды, үлкен саяси тәжірибесі бар және іске асырылатын нақты жоспарларды ұсынады.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы − әрбір тұрғынның әл-ауқатын арттыру бойынша нақты істер бағдарламасы!

Сайлау алдындағы уәделерді орындау нәтижесінде инженерлік-коммуникациялық, тұрғын үй және жол инфрақұрылымдарының өзекті мәселелері шешіледі. Медициналық қызмет көрсету, білім беру және басқа да салалардың сапасы жақсарады.

Дайындаған: "AMANAT" партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.  width=