«Хоккейді зираттың жанында жүріп үйрендім»: атышулы Рыспаев қайда жүр?

«Хоккейді зираттың жанында жүріп үйрендім»: атышулы Рыспаев қайда жүр?

«Хоккейді зираттың жанында жүріп үйрендім»: атышулы Рыспаев қайда жүр?
ашық дереккөзі
«Барыс» хоккей клубының бұрынғы ойыншысы, ҚХЛ-дегі атақты тафгайлардың бірі болған Дамир Рыспаев «Скользкий Лёд» YouTube арнасының тілшісіне берген сұхбатында мансабын не үшін аяқтағанын, қазіргі уақытта немен айналысып жүргенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Хоккейді қойдым, қазір кәсіпкермін деуге болады. Карантин кезінде Өскеменге бардым. Отбасым жерлеумен де айналысатын. Бос отырғым келмей, оларға көмектестім. Солай үйдегі өмірге де бейімделіп кеттім. Хоккейден кеткеніме үш жыл өтіпті, тыныштықта өзімді бақытты сезінемін. Алайда, хоккей көремін, бірнеше рет ойын қарауға да бардым. Командаға шақырғандар да болды. Бірақ, барғым келмеді. Мені бұл спортқа атам әкелді. Жазда ролик тебетінмін. Моланың жанындағы асфальт жақсы болатын, сонда қосымша жұмыс істедім, жаттықтым. Шыны керек, сол жерде сырғанауды үйрендім», – деді Рыспаев.
Сонымен қатар спортшы мұз айдынындағы төбелестің басқалардан ерекшелігін айтты.  width=
«Хоккейдегі төбелес мүлдем басқа. Сол үшін мен мұз айдынына боксшыларды шақырып, олардан көп нәрсе үйрендім. Төбелес кезінде маған ең ыңғайсыз қарсылас Александр Свитов болды. Өйткені оның бойы тым ұзын. Қарсылас команданың ойыншысымен жекпе-жекке шығар алдында анама теледидарды қоспаңыздар дейтінмін. Жалпы, қазақстандықтардың көбі хоккейді жете түсіне бермейді. Алайда төбелес элементі қосылғаннан бері отандық жанкүйерлер белгілі бір деңгейде хоккейге қызыға бастады», – деді ол.
Рыспаевтың айтуынша, «Куньлунь» командасымен төбелес маусым алдындағы турнирде кеткен есені қайтару болған. Сондай-ақ спортшы дәл осы ойында мерзімсіз уақытқа шеттетілді.  width=
«Жолдастық кездесуде қытайлық команданың хоккейшілері біздің екі жетекші ойыншымызды, соның ішінде Дастин Бойдты жарақаттады. Ол 6-7 ай ойнай алмайтын болды. Дәл маусым алдында жақсы хоккейшілеріміз жарыс жолын аяқтап жатты. Мен бұл ойында болмағанмын. Келесі кездесуге қатысарда маған «бәрінің сазайын тарттыру керек» деді. Одан кейін тағы қызық болды. Үйде отырғанмын, жаңалықтарды қосып қарасам, мені мерзімсіз уақытқа шеттетіпті. Екі күннен кейін дайындық басталатын болды, ал маған жаттығуға рұқсат бермеді», – деді спортшы.