Дарина Құлсейітова жүлдесіз қайтты

Дарина Құлсейітова жүлдесіз қайтты

Дарина Құлсейітова жүлдесіз қайтты
ашық дереккөзі
359

"Әлем аруы" байқауында Қазақстанның намысын қорғаған ару Дарина Құлсейітова жүлдеге іліне алмады. Байқаудың бас жүлдесін Франция аруы Ирис Миттенер жеңіп алды. Бұл туралы  Gulf News-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Сахнада кешкі көйлектері мен ұлттық киімдерін және жағажай киімдерін көрсеткен арулардың ішінен ең сұлуын таңдау қазылар алқасы мен желі қолданушыларына жүктелді. Онлайн дауыстың нәтижесі бойынша, Дарина Құлсейітова жеңімпаз атана алмады. Тіпті, байқаудың қазылар алқасы да оған дауыс бермеген.

ТОП-ондыққа Оңтүстік Шығыс Азияның үш сұлуы (Индонезия, Филиппин және Таиланд) Батыстың үш сұлуы ( Австралия, Франция, АҚШ) және Орталық және Оңтүстік Американың төрт сұлуы (Колумбия, Бразилия, Мексика, Перу) енген. Бірінші вице-мисс Гаити сұлуы Ракель Пелиссьерге бұйырса, екінші вице-мисс атағын колумбиялық Андреа Товар жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары