«Коспаев» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін шекарадан кім өткізді?

«Коспаев» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін шекарадан кім өткізді?

«Коспаев» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін шекарадан кім өткізді?
ашық дереккөзі

Жамбыл облысының прокуратурасы «Коспаев» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізген тұлға ұсталғанын мәлімдеді.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері: Шалин, Имашев және Қоспаевқа Қаржылық мониторинг агенттігі Қылмыстық Кодекстің 249 (рейдерлік) және 262-баптарымен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) халықаралық іздеу жариялаған.

Белгілі болғанындай, топ мүшелері Жамбыл облысының аумағында орналасқан мемлекеттік шекара арқылы елімізден шығып кеткен. Осы ретте, 2022 жылғы 10 қарашада Қордай аудандық полиция бөлімі ҚК-нің 394-бабы 2-бөлігімен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) қылмыстық іс тіркеген. 2022 жылғы 11 қарашада Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылады.

Прокуратураның үйлестіру жұмыстары нәтижесінде, оларды 2022 жылғы 6 тамызда Сортөбе ауылының маңындағы өткел арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Күдікті кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр және ол прокуратураның бақылауында.