Тікұшақ апаты: министрлік алғашқы мәлімет неге жалған болғанын түсіндірді

Тікұшақ апаты: министрлік алғашқы мәлімет неге жалған болғанын түсіндірді

Тікұшақ апаты: министрлік алғашқы мәлімет неге жалған болғанын түсіндірді
ашық дереккөзі
ТЖМ-нің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Батыс Қазақстандағы тікұшақ апатынан зардап шеккендер туралы алғашқы мәліметтің неге жалған болғанын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ол ақпарат өтірік болған жоқ. Алдын ала ақпарат деген бар. Әуелі диспетчерлер біздің тірі қалған қызметкермен байланыса алмаған болып шықты. Оқиға орнында байланыс өте нашар болған. Интернет байланыс жалпы болмаған. Телефон байланысы да нашар болған. Сондықтан олар қоңырау шалып, байланыса алған кезде біздің ТЖМ-нің апаттан тірі қалған қызметкері «тірімін» деді ме, әлде «тіріміз» деді ме, анық естілмей қалған. Сол сәтте байланыс қайта үзілген. Сондықтан алдын ала ақпарат бойынша бәрі аман деген мәлімет тарады», - деді ол ведомствода өткен брифингіде.
Сондай-ақ ол құлаған тікұшақтың неге «апатты қонды» деп хабарланғанын түсіндірді.
«Алдын ала ақпарат бойынша, бұл апатты қонуға мәжбүр болған. Яғни, жоспарлы қону емес еді. Іс жүзінде бортты басқару мүмкін болмай кеткен. Қазір бізге мәлім дүние осы ғана. Қалғаны егжей-тегжейлі тексеру кезінде белгілі болады», - деді Руслан Иманқұлов.
Еске салайық, 23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 шақырым жерде Ми-8 АМТ тікұшағы қатты екпінмен қонған. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру үшін ұшқан.