Тәжікстанның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

Тәжікстанның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

Тәжікстанның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Тәжікстанның 6 азаматын жалған құжатпен ұстады деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шетел азаматтары Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы »Шарбақты» өткізу пунктінде тоқтатылған.
Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан Қазақстан аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттары анықталды.
Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.