Алғаш рет паратеннистен Қазақстан кубогы өтеді

Алғаш рет паратеннистен Қазақстан кубогы өтеді

Алғаш рет паратеннистен Қазақстан кубогы өтеді
ашық дереккөзі
50235
Алматы қаласында 17-19 наурызда алғаш рет паратеннистен Қазақстан кубогы өтеді деп хабарлады turkystan.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, турнирге Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе және Орал қаласынан 40-тан астам спортшы қатысады. Бірінші кубокке дайындық аясында Алматыда 6-16 наурыз аралығында теннисшілердің шеберлігін арттыруға арналған оқу-жаттығу жиыны өтеді. Дода қорытындысы бойынша биылғы маусым айында Италияда «Alghero Open» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталады. Қажетті ұпайды жинаған жағдайда қазақстандық паратеннисшілер 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоуда (Қытай) болатын Паразия ойындарына қатысуға мүмкіндік алады.

Серіктес жаңалықтары