«Біз жыл сайын мониторинг жүргіземіз. Өкінішке орай, соңғы жылдары вакцинадан бас тартқан тұрғындардың саны артты. Мысалы, 6 мыңнан астам ата-ана балаларын вакциналаудан бас тартқан. Дегенмен біз өз тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Себебі, вакцинадан бас тартқан ата-ана инфекциялардың қандай ауыр екенін, оның салдары қандай екенін түсінбе бермейді. Біз олардың вакцинадан бас тартуының себебін анықтаймыз. Барлық факторларды ескере отырып, теологтарды да діни тұрғыдан түсіндіру жұмыстарына қосамыз», - деді Н. Әзімбаева.
6 мыңнан астам ата-ана баласына вакцина егуден бас тартқан

6 мыңнан астам ата-ана баласына вакцина егуден бас тартқан
Қазақстанда соңғы жылдары 6 мыңнан астам ата-ана балаларына вакцина егуден бас тартқан. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.