«Страндж-2023» турнирі: бүгін қазақстандық бес боксшы бақ сынайды

«Страндж-2023» турнирі: бүгін қазақстандық бес боксшы бақ сынайды

«Страндж-2023» турнирі: бүгін қазақстандық бес боксшы бақ сынайды
ашық дереккөзі
50284
Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Страндж-2023» турнирінде 21 ақпанда қазақстандық бес спортшы шаршы алаңға шығады деп хабарлады turkystan.kz. Былғары қолғап шеберлері күндізгі және кешкі сессияда шаршы алаңға шығады. Елорда уақытымен 17.00-де 57 келіде Оразбек Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахермен қолғап түйістірсе, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов испаниялық Конде Ойер Ибарречемен шеберлік байқасады. Ал 22.00-де басталатын кешкі сессияда Бекзат Алдамжаров (54 келі) франциялық Биллаль Беннама, Темірхан Тезек (67 келі) болгариялық Пламен Янков, Бекзат Таңатаров (86 келі) үндістандық Картикпен сынға түседі. Бұл додада қазақстандық 13 боксшы ел намысын қорғайды.

Серіктес жаңалықтары