Елена Рыбакина Дубайда АҚШ чемпионын жарыс жолынан тайдырды

Елена Рыбакина Дубайда АҚШ чемпионын жарыс жолынан тайдырды

Елена Рыбакина Дубайда АҚШ чемпионын жарыс жолынан тайдырды
ашық дереккөзі
50204
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті деп хабарлады turkystan.kz. Жарыстың 9-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған канадалық, 2019 жылғы АҚШ чемпионы Бьянка Андреескумен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, өткен жылы Е.Рыбакина Уимблдонда Б.Андреескуді 6:4 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді. Оған қоса биыл канадалық спортшы Әбу-Дабиде тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваға жол берген-ді. Бұл жолы Елена матч басында брейкпен алға кетті – 3:0. Партия біткенше сол басымдылығын сақтады – 6:3. Есесіне екіншісінде Б.Андрееску брейкпен алға шықты – 3:1. Дегенмен қазақстандық теннисші таразы басын теңестірді – 4:4. Тағы бір брейк – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездеседі. Ол бастапқы кездесуінде 2020 жылғы Аустралия чемпионы, америкалық София Кенинді оңай ұтты – 6:1, 6:1.

Серіктес жаңалықтары