Түркияның Хатай провинциясында тағы екі рет жер сілкінді (ВИДЕО)

Түркияның Хатай провинциясында тағы екі рет жер сілкінді (ВИДЕО)

Түркияның Хатай провинциясында тағы екі рет жер сілкінді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50253
Түркияның Хатай провинциясында тағы екі рет жер сілкінді. Қуаты - 6,4 және 5,8 балл. Видеоны «Анадолы» ақпарат агенттігі таратты деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan.tv telegram каналына сілтеме жасап.   Зілзаланың ошағы 2 км тереңдікте жатыр. Президент Режеп Тайип Эрдоған оңтүстіктегі Хатай провинциясында орналасқан Түркия үкіметі жанындағы Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасының Үйлестіру орталығында болғаннан кейін Кахраманмараштағы зілзала кезінде 114 834 адамның құтқарылғанын айтты. Сондай-ақ 1 млн 684 адам уақытша баспанамен қамтамасыз етілді. Оның сөзінше, бірінші кезеңде 100 мың контейнерлік үй пайдалануға беріледі. Олардың 65 мыңы құрылып жатыр. Қажет болған жағдайда олардың саны 200 мыңға жеткізіледі. Одан бөлек, Президент палаткадан салынған үйлер мен модульді құрылымдарда тұрып жатқан адамдар жыл соңына дейін жаңа баспана алатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары