Қазақстандық файтер Иран спортшысының қолын сындыра жаздады

Қазақстандық файтер Иран спортшысының қолын сындыра жаздады
Octagon лигасының орта салмақтағы чемпионы Керим Даидов титулын сәтті қорғады деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда өткен Octagon 41 турнирінде Керим бұрын жеңіліп көрмеген ирандық Али Садегхимен жұдырықтасты.
Негізгі кардтағы жекпе-жек 90 келі салмақ лимитінде өтті.
Ирандық спортшы жекпе-жекті жақсы бастады. Ол тіпті бір соққымен Даидовты құлатты. Алайда Керим бірінші раундтан асырмай қарсыласын ауырту әдісімен жеңді. Бұл тәсілден ирандық спортшының қолына қатты зақым келді.