Оралдағы жол апатынан 3 адам зардап шекті

Оралдағы жол апатынан 3 адам зардап шекті

Оралдағы жол апатынан 3 адам зардап шекті
ашық дереккөзі
50252
Орал қаласында 3 автокөліктің соқтығысуынан 3 адам зардап шекті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 17 ақпан күні сағат шамамен 20.00-де Зачаган мен Деркөл кенттерінің арасындағы айналма жолда болды. «Нефтэк» жанар-жағармай станциясының маңында 29 жастағы жүргізуші Ford автокөлігімен Саратов трассасына қарай келе жатып, ВАЗ-21124-пен (рөлде 35 жастағы жүргізуші болған) соқтығысуға жол берген. Бұл екі көлікке 1971 жылы туған жүргізуші айдап келе жатқан Skania жүк көлігі түйіскен. Салдарынан үш адам түрлі жарақат алды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі жұмыс жасады. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. БҚО Полиция департаменті жүргізушілерге жол жүру ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады» деп хабарлады ведомстводан. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, аталмыш оқиға салдарынан осы маңда жол кептелісі орын алды. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға орнына жедел жәрдем сағат 19.37-де шақыртылып, бригада 8 минуттан кейін жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 1971 жылы туған әйел, 1993 және 1987 жылы туған ер адамдар бас пен мидың жабық жарақатын алды. Оған қоса, әйелдің миы шайқалған. Барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары