Қазақстанда жануарларды азаптау дерегі көбейген

Қазақстанда жануарларды азаптау дерегі көбейген

Қазақстанда жануарларды азаптау дерегі көбейген
ашық дереккөзі
50237
Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарайтындар саны ұлғайып, заңсыз аулау көрсеткіші артқан деп хабарлады turkystan.kz Finprom ресурсына сілтеме жасап. Биыл қаңтарда елімізде жануарларға қатыгездік танытқан 5 жағдай тіркелді. Былтыр осы уақытта 8 жағдай болған. Сонымен қатар балық аулау және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз өндіруге қатысты 11 жағдай тіркеліп отыр. Былтыр 9 іс тіркелген. Одан бөлек, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жан-жануарлар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларға қатыгездік танытуға қатысты 17 қылмыстық іс қозғалған. Бір жыл бұрын 12 қылмыс тіркелген. Биыл қаңтарда заңсыз аулау өткен жылға қарағанда 17-ден 12 жағдайға дейін азайған. Жануарларға қатыгездікпен қарауға қатысты ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Павлодар облысында тіркелді. Өткен қаңтар айында 3 жағдай (бір жыл бұрын еш жағдай тіркелмеген) болды. Заңсыз балық аулау Қарағанды облысында жиі болған, бір айда 5 жағдай тіркелді. Жетісу облысы заңсыз аң аулау бойынша ерекшеленіп, қаңтарда 3 құқық бұзушылық жасалды. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерге қаупі көбіне Ақтөбе облысында тіркелді. Биыл қаңтарда 4 құқық бұзушылық болды, бұған дейін бір де бір жағдай болмаған. Еске сала кетейік, Алматыда 8 ақпаннан бастап жануарларды аулау, уақытша ұстау, жою, сондай-ақ, үй жануарларын ұстау мен серуендетудің жаңа ережелері күшіне енді. Жаңа қағидаға сәйкес қаңғыбас жануарларды аулағанада оларға ешқандай залал келмеуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары