50278
Көпқабатты үйдің шатырында есірткі өсірген азамат ұсталды
Көпқабатты үйдің шатырында есірткі өсірген азамат ұсталды

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны көпқабатты үйдің шатырында жылыжай жасап, қарасора өсірген деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Жылыжайдың иесі көпқабатты үйдің 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде қарасораға ұқсас өсімдік егілген 8 құмыра мен тыңайтқыш тәркіленді.
Жасырын бөлменің қабырғалары фольгамен, пластик материалмен қапталған, жылу, жарық және вентиляция тартылған.
Тұрғынның айтуынша, Telegram арқылы құрал-жабдықтарды, тұқымдар мен қарасораны өсіру бойынша видео-нұсқаулықты сатып алған.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында.