Мектеп пен банкке бомба қойған екі азамат ұсталды

Мектеп пен банкке бомба қойған екі азамат ұсталды

Мектеп пен банкке бомба қойған екі азамат ұсталды
ашық дереккөзі
50235
Ақмола облысында ауыл мектебіне бомба қойған 25 жастағы күдікті ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 ақпанда сағат 01:10 шамасында болған. Бұл туралы Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне белгісіз адам хабарласып, жергілікті орта мектепке жарылғыш зат қойылғанын айтқан. «Айтылған мекенжайға полиция қызметкерлері және басқа да шұғыл қызметтер бағытталды. Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін мамандар ғимаратты толық сүзіп шығып, күдікті затты таппады. Алайда, сол күні жалған мәлімет берген адам анықталды, ол 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қыздың есепте тұрғаны және психикалық аурумен ауыратыны белгілі болды, бірақ жарылғыш құрылғы туралы әдейі хабарлаған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша тіркелді (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама)», - деді ведомстводан. Сонымен бірге, осындай жалған ақпарат беру дерегі 13 ақпанда Астана қаласында тіркелді. Бұл ретте Ақкөл ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол елордадағы банк филиалдарының біріне электронды пошта арқылы «бомба қойылғаны» туралы хабарлама жіберген. «Қазіргі уақытта полицейлер ер адамды осындай хабарлама жіберуге не итермелегенін мұқият тексеріп жатыр. Күдікті осы банктің клиенті екені анықталды», - деп толықтырды ведомстводан. Осы ретте тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 273-бабының санкциясына сәйкес жалған хабарламаның авторлары бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін еске салады.

Серіктес жаңалықтары