2023 жыл – Мағжан жылы деп жарияланды

2023 жыл – Мағжан жылы деп жарияланды

2023 жыл – Мағжан жылы деп жарияланды
ашық дереккөзі
51269
Солтүстік Қазақстан облысында ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегерлері марапатталды деп хабарлады turkystan.kz. Биыл Қызылжар тумасы, ақиық ақын, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. Осыған орай, өңірде мерейтойға орай іс-шаралар өтуде. СҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 1-10 ақпан аралығында «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді...» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы жарияланды. Оған еліміздің барлық өңірінен 20-50 жас аралығында 90 ақын шығармаларын ұсынды. Кабылданған шығармаларды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, белгілі журналист-жазушы Жарасбай Сүлейменов бастаған қазылар алқасы сараптап, жеңімпаздарды анықтады. Сондай-ақ салтанатты кеште осы жыл Солтүстік Қазақстанда Мағжан жылы деп жарияланды.

Серіктес жаңалықтары