50271
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентімен сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz.
Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.