Түркістанда мал ұрлығымен айналысқан бірнеше топ ұсталды

Түркістанда мал ұрлығымен айналысқан бірнеше топ ұсталды

Түркістанда мал ұрлығымен айналысқан бірнеше топ ұсталды
ашық дереккөзі
50199
Түркістан облысы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан бірнеше топты ұстады деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жыл басынан бері облыс аумағында үш ауданда ірі қара мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобын ұстады», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құрманбек Сахов. Жедел уәкілдерге Бәйдібек ауданында мал ұрлығымен айналысатын белгісіз біреулер туралы ақпарат түскен. Тәртіп сақшылары тергеу әрекеттеріне тез арада кірісіп, ұрланған малды сатып алушыны анықтайды. «Осы арқылы біз, негізгі екі күдіктіні, бұрын сотталған Бәйдібек ауданының тұрғындарын ұстадық. Мал ұрылары қораларға жасырын еніп, төрт түлікті жымқырған болып шықты. Содан кейін малдарды Газель көлігіне тиеп, Сайрам ауданының тұрғынына сатқан. Күдіктілерден заттай дәлелдеме ретінде Газель көлігі мен 5 бас ұрланған мал тәркіленді», - деді спикер. Сондай-ақ, жайылымдардан мал ұрлаумен айналысқан тағы екі топ Отырар және Арыс аудандарында ұсталған. «Олардың бірі – Арыс ауданының 3 тұрғынынан құралған, мал ұрлығының 12 дерегіне қатысы бар топ. Мұндағы күдіктілерден Газель көлігі, тіркелмеген мылтық пен оқ-дәрілер, сондай-ақ 3 ірі қара малдың терісі тәркіленді. Ал, Отырар ауданында ұсталған адамдар тобы 3 адамнан тұрады. Олардың мал ұрлығының 3 дерегіне қатыстылығы дәлелденген. Күдіктілерден жүк көлігі мен 1 сиыр тәркіленді. Олар ұрланған малды Арыс қаласында және Сайрам ауданында сатқан», - деді Құрманбек Сахов. ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда. Тергеу күдіктілердің Түркістан облысы аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.

Серіктес жаңалықтары