«Барыс» өз алаңында «Динамо» командасынан жеңілді

«Барыс» өз алаңында «Динамо» командасынан жеңілді

«Барыс» өз алаңында «Динамо» командасынан жеңілді
ашық дереккөзі
50215
«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Беларустің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Ойынның бірінші кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Гол соғатын мүмкіндік іздеді. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Екінші кезеңде беларустік клуб хоккейшілері қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Райан Спунер 21, Ник Меркли 31, Роман Горбунов 32-минутта өзінің еншісіне жазды. Оған «Барыс» хоккейшісі Никита Михайлис 35-минутта бір шайбамен жауап қатты. Үшінші кезеңде елордалық клубтан Лиден Вей 42-минутта есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен одан кейін Райан Спунер 50-минутта тағы бір голдың авторы атанса, Роман Горбунов 58-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді. Енді елордалық клуб келесі кездесуін 18 ақпанда Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасына қарсы өткізеді.

Серіктес жаңалықтары