Екібастұзда екі адам өз үйінен өлі табылды

Екібастұзда екі адам өз үйінен өлі табылды

Екібастұзда екі адам өз үйінен өлі табылды
ашық дереккөзі
50362

Екібастұздағы Шанхай ауданында тұратын ерлі-зайыпты Александр мен Анна Сергеенко өз үйінде өлі табылды деп хабарлады turkystan.kz lifepvl.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлының айтуынша, бұл жағдайға жылу құбырының жарылғаны себеп болып отыр. Ерлі-зайыптылардың денелері 13 ақпан күні таңертең табылды.

«Анна Сергеенко жылу жүйесін жөндеуге ЖЭО-ға соңғы өтінімді үш апта бұрын қалдырған. Алайда, ешқандай жауап болмаған соң, ол өзі сонда барды. Кейін оған жөндейтін бригадалардың саны аз, барлығына жетпейтінін айтқан», — деді ұлы Сергей.

Сондай-ақ ол мәйітті Екібастұздың ЖЭО қызметкері тапқанын жеткізді.

«Үйді тізеден асатын су басқан. Екі мәйітті қатты күйік шалған. Медициналық сараптама екі адамның да бірнеше күн бұрын қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің себебі - электр тогының соғуы», - деп бөлісті марқұмның ұлы.

Сергейдің айтуынша, әкесі суды сезіп, үйдегі электр құрылғыларын өшіргісі келген. Артынша жұбайы да қайтыс болған. Сондай-ақ ол әкесінің бірінші топтағы мүгедек болғанын айтты.

Енді ол прокуратураға барып, өтініш жазатынын жеткізді.

Айта кетейік, қайғылы жағдайға қатысты ресми пікірлер берілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары