Александр Бублик Роттердам турнирінің ширек финалына шықты

Александр Бублик Роттердам турнирінің ширек финалына шықты

Александр Бублик Роттердам турнирінің ширек финалына шықты
ашық дереккөзі
50287
Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик жұптық сында Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстандық теннисші швейцариялық Стэн Вавринкамен бірге бастапқы кездесуін жарыстың екінші ракеткалары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павичпен өткізді. Қазақстандық-швейцариялық жұп 3:6, 7:6 (7:3), 10:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик пен Вавринка 6 эйс жасады. Қарсыластары 4 эйс, 2 брейкпен көзге түсті. А.Бублик пен С.Вавринка жартылай финалға шығу үшін бельгиялықтар Сандер Жиль – Йоран Флигенмен таласады. Бір қызығы, А.Бублик жекелей сында алғашқы айналымда дәл осы С.Вавринкаға жол берген болатын.

Серіктес жаңалықтары