ОСК «Ауыл» партиясының партиялық тізімін тіркеді

ОСК «Ауыл» партиясының партиялық тізімін тіркеді

ОСК «Ауыл» партиясының партиялық тізімін тіркеді
ашық дереккөзі
50312

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Мәжілісін сайлауға партиялық тізім бойынша түсетін 25 кандидат ресми тіркеуден өтті.

Бұл тізімде 10 кандидат әйел, жастар және мүгедектігі бар адамдар, бұл жиынтық бойынша 40 пайызды құрайды. Сонымен қатар партиялық тізімде президенттікке үміткер болған Жигули Дайрабаев пен Қарақат Абден бар.

Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы хаттамаға қол қойып, «Ауыл»  Халықтық-демократиялық патриоттық партиясын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында партиялық тізімге тіркеу туралы қаулы қабылдады. Тіркелген кандидаттарға тиістікуәліктер тапсырылды.  

 width=

Атап өтсек, «Ауыл» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттарының, сондай-ақ партияның облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарына бір мандатпен және партиялық тізім бойынша тіркелуі жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары