50223
Қазақстандықтар Түркия үшін 3 млн долларға жуық қаржы жинады
Қазақстандықтар Түркия үшін 3 млн долларға жуық қаржы жинады
Қазақстандықтар жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия үшін үш миллион долларға жуық қаржы жинады деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Қазақстандағы Түркия елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.
«Қазақстанда соңғы 3 күнде жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған 1 миллион 28 мың 706 доллар көлеміндегі қаражат AFAD-тың ресми шотына аударылды. Осылайша қайырымдылықтың жалпы сомасы 2 миллион 849 мың 836 долларды құрады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. БҰҰ мәліметінше, құрбандар саны 50 мың адамнан асуы мүмкін. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 7 ақпанда жер сілкінісі салдарын жою үшін Алматыдан Түркияға ұшып кетті.
Жер сілкінісі елге 70 миллиард доллардан астам шығын әкелді.