50258
Облыс әкімі зардап шеккен петропавлдық оқушылардың жағдайын сұрады
Облыс әкімі зардап шеккен петропавлдық оқушылардың жағдайын сұрады

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы №4 мектепте 9-сынып оқушысының қолынан жарақат алған балалардың қал-жағдайын білді деп хабарлады turkystan.kz.
Еске салсақ, бүгін Петропавлда 15 жастағы оқушы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған. Оның екеуі көпбейінді облыстық балалар ауруханасында жатыр. Кәмелетке толмаған Д. қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуыл жасаған 9-сынып оқушысы «Күйзеліс» диагнозымен дәрігер есебінде тұрған. Аталған төтенше жағдайдан кейін еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздік бойынша тексерулер жүргізілетіні жарияланды.«Бүгінгі оқиғадан кейін ауруханаға түскен балалардың қал-жағдайын білдім. Балалармен тілдесіп, тезірек сауығып кетуін тіледім. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді, қазір олардың жағдайы тұрақты. Балалар дәрігерлердің бақылауында» деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.