АСТАНА – БЕЙБІТ КЕЛІССӨЗДЕР АЛАҢЫ

Екі күнге болса да, Астана әлемдік дипломатия орталығына айналды. Қаңтардың 23-24 күндері қазақ жерінде ғаламдық геосаясаттағы аса маңызды келіссөздер өтті. Сириядағы алты жылдық қанды қырғыннан соң ресми үкімет пен оған қарсы қарулы топтардың өкілдері Астанада кездесті. Кездесіп қана қойған жоқ, бір үстелдің басында отырып, екі күн қатарынан Шам елінде бейбітшілік орнату үшін ортақ шешім табуға тырысты. Бұл шараның маңыздылығы сол, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары осы күндері Астанадан хабар таратты. Сарыарқаның сықырлаған аязы мен жал-жал қары да оларға тосқауыл емес.

Таяу Шығыстың бітпес жарасына айналған, Еуропаны босқындарға толтырған, экстремистік ұйымдардың ойран салуына оңай жемтік болған Сирия тағдыры бүгінде ғаламдық деңгейге шықты. БҰҰ бұған дейін Женевада бірнеше жыл бойы келіссөздер өткізіп, бұл елдегі соғысты тоқтатудың жолын іздестірумен келеді. Бірақ АҚШ, Ресей, Еуропалық одақ, Араб елдері Лигасы, Таяу Шығыс елдері, Сирия үкіметі мен оппозициялық топтар қатысқан кездесулер  бүгінге дейін нақты нәтижеге қол жеткізбеді. Сондықтан Ресей, Түркия мен Иран басшылары Астанада арнайы келіссөздер өткізуді ұйғарғанда, Сирия тағдырын талқылайтын тағы бір тетік іске қосылғаны белгілі болды. Ал келіссөз орны қазақ жері болғаны барлық қатысушылардың көкейінен шықты.

Бірақ бұл келіссөздер жабық есік жағдайында өтті. Яғни, жер-жаһаннан келген журналистер Rixos President Astana қонақүйінің мәжіліс залында не айтылып жатқанын дәлізге шыққан делегаттардан сұрап білді. Мұндай жағдайда ауыздан шыққан әрбір сөздің мәні ерекше ауырлайтыны бар. Жабдықтан сығалаған журналистер түрлі делегация мүшелерінің қаба­ғынан, жүріс-тұрысынан, аңдаусыз әлде әдейі айтқан сөздерінен түрліше тон пішумен болды. Ақыры, екі күндік жиын аяқталды, оның қорытындысына қарап, Астаналық келіссөз жемісті өтті деп түйіндеуге болар.

Сириядағы атыс-шабысты уақытша тоқтатуға қатысты келісім желтоқсан айы­ның соңғы күндері жасалған болатын. Астанада осы келісімді одан әрі созып, бейбіт бітімге келу және халыққа гуманитарлық көмекті жеткізу мәселелері талқыланды.

BBC жаңалықтар қызметі Аста­надан таратқан хабарында Сирия үкіметінің мүшелері мен оппозициялық күштер өкілдерінің бірінші рет бір үстел басына жиналып, бірге отырғанын хабарлады. «Бүгін таңертең келіссөздер басталғанда біз елеусіз, бірақ өте маңызды қадамға куә болдық: (осыдан-ақ Сирия қақтығысының ауқымын бажайлауға болады): бүгін бірінші рет ел алдында Сирия үкіметінің өкілдері мен оппозиция әскерилері бір үстел басында қатар отырды және ешкім тұрып кеткен жоқ, олар бір-бірінің мәлімдемелерін тыңдады. Екі тарап та оқ атуды тоқтату шараларын бекітуді қолдады» – деп хабарлады. Осыдан-ақ Астана келіссөздерінің сәтті басталғанын бағамдауға болар.

Бұған дейін бірін-бірі тек қарудың күшімен ықтырып келген қарсылас топтарды бұлайша ымыраға келтіру үшін ұйымдастырушылардың орасан көп қажыр-қайрат жұмсағаны анық. Шындығын айтқанда, бұл басқосудың кез келген сәтте шырқы бұзылуы немесе екі тараптың бірі келмей қалуы немесе келіссөздер енді басталған сәтте шорт үзілуі әбден мүмкін еді. Тіпті, BBC тілшілері тамсана айтқан «бір үстелдің басына» жиналуының өзі бірталай керісулерге себеп болған. Оның мәні – кім кімнің жанына оты­рады деген мәселе. Ақыры, Сирия үкіметінің мүшелері БҰҰ өкілі мен Иран мемлекеті делегациясының ортасына жайғасты, ал Сирия оппозициясының бір жағына – АҚШ елшісі, екінші жағына – Түркия делегациясы орналасты.

Сонда да Сирия оппозициясы деле­гациясының басшысы Мұхаммед Аллуш бірінші күні-ақ келіссөздің шыр­қын бұза жаздады. Өздерінің оқ атуды тоқтату туралы келісімді нығайтуға келгенін айтқан ол сириялық оппозицияның талабын санамалап берді. Олар: өздеріне қарасты қалаларды әскери құрсаудан шығару, гуманитарлық көмекті жеткізу, түрмедегі тұтқындарды босату. Бірақ Мұхаммед Аллуш «Сирия оппозциясы бейбіт бітімге келуге де, әскери қақтығысты жалғастыруға да дайын екенін» айтқан тұста үкіметтік делегация шыдамнан айырылуға шақ қалған еді. Олар бұл мәлімдемені арандатушылық және келіссөздерді болдырмаудың талпынысы деп бағалады. Осылайша үкімет пен оппозиция өкілдері қызба­лық­қа салынып, сөзбен ілінісіп қала жаз­даған. Абырой болғанда, қарсы тараптардың аптығы тез басылып, келіссөз одан әрі жалғасты.

Дамаск делегациясының басшы­сы Башар Джаафари Астанаға өзде­рінің оқ атуды тоқтату жөніндегі келі­сім­дерді біржола пісіру үшін келгендерін жариялады, осылайша бір-бірімен аяусыз соғысып жатқан қарсыластардың бітімге келуіне көпір салынғандай.

Дөңгелек үстел басындағы рес­ми ашылу рәсімі біте салысымен, сириялық делегациялар екі бөлек кеңсеге тарады. Бұдан кейінгі үкімет пен оппозициялық топтар арасындағы келіссөздер арадағы бітістіруші үш мемлекет өкілдері арқылы жүрген.

Екінші күні қарсы тараптар ортақ ше­шім табуға бейіл екендіктерін таныт­ты. Ресей, Түркия мен Иран мем­лекеттері қол қойған қорытынды құжат қабыл­данып, Сирия Конституциясын дайындау үшін бірге жұмыс істеуге, бұдан кейінгі келіссөздерге қатысуға уәделесу, ең бастысы, Сириядағы кикілжіңнің бейбіт шешімін табуға ұмтылу – осы екінші күнгі жұмыстың нәтижесі.

Астанадағы келіссөздер тура­лы CNN телеарнасы:  «Бұл – БҰҰ мұрындық болған Женева келіс­сөздеріне бәсеке емес, оны толық­ты­ратын келіссөздер» деп атап көр­сетті. Бұған қоса америкалық теле­арна осы жиынға «АҚШ тек өзінің Қазақстандағы елшісін жіберді, бұл оның осы кикілжіңді шешудегі рөлінің әлсірегенінің белгісі» деп хабарлады.

Шынында да, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол бұл кездесуге бақылаушы ретінде ғана қатысып отырды. Таяу Шығыстың тағдыры талқыланып жатқанда, АҚШ-тың бақылаушы рөлінде сырттап қалуы тосын жағдай.

Иран тарабы АҚШ-тың бұл жиынға араласуына қарсы болса да, Кремль Ақ үймен жақындасудың мүмкіндігін құр жіберген жоқ. Оның үстіне, президент Д.Трамп өзіне дейінгі әкімшіліктің саясатынан бас тартты. Ол Б.Асадты биліктен тайдыруға ұмтылмайды. Қазіргі Ақ үй әкімшілігі тек ДАИШ террористік тобымен күресті жалғастыруға мүдделі екенін мәлімдеді. Ендеше, ең басты мәселеде – Башар Асадты орнында қалдыруда Кремльдің дегені орындалады. АҚШ президенті қазір өзінің командасын бекітіп, әкімшілік тағайындаулардың қарбаласында жүр, сондықтан бұл келіссөздерге АҚШ-тың арнайы делегация жіберуге мүмкіндігі болған жоқ. Қазақстандағы АҚШ-тың Төтенше және өкілетті елшісі Дж.Крол келіссөз үстелінің басында тек жақсы тыңдарман рөлін атқарып отырды десек, артық айтқандық емес. Дегенмен, бақылаушы болса да, астаналық келіссөздерге АҚШ өкілінің қатысуы бұл жиынның салмағын арттыра түскені анық.

АҚШ өзінің ішкі мәселелерімен әу­ре болып жатқанда, Ресей, Иран мен Түркия өздерінің Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатуға шамасы жететіндіктеріне әлемдік қауым­дастықты сендіргісі келеді. Бұған дейін алпауыт мемлекеттер БҰҰ деңгейінде шеше алмаған күрмеуді үш аймақтық держава біржола тарқатпақ. Егер бұл «үштік» бастаған келіссөздер желісі жемісті болса, онда бұл елдердің халықаралық саясаттағы ықпал-беделі өсетін болады. Ғаламдық геосаясаттағы таразы басы Еуразияға аумақ.

Түркия бұған дейін Башар Асадқа қарсы суннитік топтарды қолдап келгенімен, қазіргі жағдайда Асадтың тағдырын екінші орынға ысырып, ең алдымен ДАИШ террористік тобымен және күрд топтарымен күреске көңіл бөліп отыр. Түркия Шам еліндегі соғыстың шарпуынан зардап шегіп отырған мемлекет. Себебі үш миллион сириялық босқын түрік жерін паналады. Оларды кәрі құрлыққа жібермес үшін түрік үкіметі өз жерінде паналатуға мәжбүр болды. Бірақ ақыр аяғында, Түркияның өзінің тынышы кетті: соңғы екі жылда бұл елде террористік оқиғалар көбейіп, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қиындады. Сондықтан Астанадағы келіссөздерге сириялық қарулы топтар өкілдерін келтіру үшін Түркия барын салды. Желтоқсан айында Алепподан айырылған оппозициялық топтар қазір әлсіреген. «The Financial Times» газеті Түркия мен Ресей оппозициялық күштерді Астанадағы келіссөздерге келтіру үшін оларға қысым жасады деп жазды.

Ресей болса, Сирия соғысына 2015 жылдың қыркүйек айында бел шеше кіріскен. Башар Асадтың «шақыруымен» әскери-ғарыш күштерін кіргізіп, оппозициялық топтарды талқандауға атсалысты. Бірақ Ресейдің және АҚШ бастаған халықаралық коалициялық күштердің араласуы Сириядағы соғысты одан әрі үдетпесе, тоқтатпады. Шындығын айқанда, Батыс Ресейді қантөгісті ушықтырып, гуманитарлық дағдарысты күшейтті деп айыптайды. Енді бұл соғыстан «абыроймен» шығу үшін атыс-шабыстың тоқтауы Кремльге тиімді. Оның үстіне, бейбіт келіссөздерді ұйымдастыруға үлес қосу арқылы Ресей әлемдегі имиджін түзеп, ықпал-беделін күшейте алады. Сириядағы әскери базалары арқылы Таяу Шығысты уысында ұстап отыру ықтималдығы өз алдына.

Иран әу бастан Башар Асадтың билік басында қалуын қолдап келеді. Сирия қақтығысына араласқан мемле­кет­тердің ішінде бұл елдегі өз мүддесі үшін әскерін де, ақшасын аямай жұмсап отырған ел – Иран. Себебі Сириядағы ықпалын азайту ол үшін АҚШ, Израиль, Сауд Арабиясына өз есесін қолдап бергенмен бірдей. Сол үшін Иран Сирияға өзінің элиталық отрядтарын аттандырды. Енді Сирия мәселесінің бейбіт шешімін табуда Иран аймақтық держава ретінде шет қала алмайды. Шындығында, Дамаскіні оппозициялық топтармен ымыраға келу үшін осы келіссөздерге қатысуға көндірген Тегеран болатын.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұған дейін Женева келіссөздерінің жеміссіз болғанын былайша түсіндірген еді: «Бұған дейін Сирия мәселесі туралы келіссөздерде Сирия әскери оппозициясының орнына саяси оппозицияны отырғызуға әрекет жасалды, ал бұл саяси оппозиция  баяғыда Сириядан көшіп кеткен эмигранттар болатын. Біз саяси оппозицияны процестен қумаймыз, бірақ Астана әскери отрядтардың келіссөздерге қатысуына арналады».

Сондықтан Астанаға Сирияда  Башар Асадтың үкіметіне қарсы соғысып жатқан әскери оппозиция өкілдері шақырылды. Олардың бәрі – алты жылдан бері қолынан қару түспеген, қанды қырғынның ортасында жүрген әскерилер.  Оларды «Джейш әл-Ислам» тобының жетекшісі Мұхаммед Аллуш бастап келген. Делегация құрамында орталық және солтүстік-батыс Сириядан келген он екі әскери топтың өкілдері бар.

Бірақ Сирияда саяси және әскери оппозициядан бөлек, радикалды және діни топтар да бар. Шам еліндегі соғыс өртінің тамызығын толтырып отырған да солар. Астанаға жиналған оншақты топ өкілдері терроризммен күресуге уәде берді. Енді қырық құрау сириялық оппозициялық топтар бірімен бірі соғысуы әбден ықтимал. Бұл жорамалды оппозиция өкілдерінің өздері де растайды. «The Financial Times» газеті Сирия оппозициясының шейхі Айед әл-Ютайфидің мына сөзін келтіреді: «Біз қазір таңдау алдында тұрмыз: не жаңа Ауғанстан боламыз немесе этникалық соғыстың жаяу әскеріне айналамыз».

Сириялық үкімет оппозициялық топтардың қаруды тастап, соғыс қимылдарын тоқтатуын қаласа, қарсы жақ Башар Асадтың биліктен кетіп, өздеріне қарасты қалаларды үкіметтік армияның қоршауынан шығарып, тұтқындарын босатуды талап етеді. Әзірге, қарсыластардың ешқайсысы өз ұстанымдарынан бас тартқан жоқ. Бірақ екі тарап та атыс-шабысты тоқтатуға келісіп отыр. Астаналық келіссөздерге қатысқан арағайын мемлекеттердің өкілдері бұл келісімді үлкен жетістік деп бағалауда.

Осылайша, Ресей, Түркия мен Иран Сириядағы қантөгісті тоқтату үшін тізе біріктіріп әрекет етуге шешім қабылдап, ортақ келісімге қол қойды. Келіссөздердің соңында Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осы құжаттың мазмұнын оқып берді. Онда аталған үш мемлекеттің Сириядағы бейбіт бітімді сақтау, оқ атпау келісімдерінің сақталуына кепіл болатыны айтылған. Бірақ кепіл болудың жай-жапсары, оның сақталуын бақылау механизмдері әлі нақтыланған жоқ. Шамасы, бұл мәселе алдағы Женева келіссөздерінде пысықталуы мүмкін. БҰҰ қазіргі Бас хатшысы Антонио Гуттериштің Сирия мәселесіне айрықша назар аударып отырғаны байқалады. Ол Қазақстанда өтетін келіссөздерді қолдайтынын мәлімдеп, оған қатысу үшін өз өкілін атандырды. БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы Елшісі Стаффан де Мистура: «Біз, БҰҰ – бақылаушы рөлін атқардық.  Біз алғаш рет қантөгіс пен қақтығысты тоқтату басты бағыты болып табылатын келіссөздер үстелінде бас қосудың мүмкіндігіне көз жеткіздік. Бұл бәрінен маңызды.  Сирия халқы қантөгіске ұласқан жанжалдардың тоқтағанына зар болып отыр… Келесі аптада мен Нью-Йоркке ұшамын. Сол жерде Женевадағы келіссөздерге дайындықты бастаймыз. Астана процесінен біз үлкен потенциал көрдік. Сол үшін қуаныштымыз»,– деп жылы лебізін білдірді.

Сонымен, 8 ақпанда Женевада Сирия үкіметі мен оппозициялық топтар арасында келіссөздер одан әрі жалғаспақ. Астанадағы екі күндік басқосу Женева келіссөздерінің қайта жандануына әсер етті. Бәлкім, бұдан кейінгі кездесулердің жемісті болуына себепші болған шығар. Астанаға келген әскери оппозиция өкілдері енді Женеваға шақырылды. Бұл әскери оппозиция өз жеріндегі террористік топтармен күресуге және Сирия конституциясын дайындауға атсалысуға әзір екендіктерін айтты. Ендеше, астаналық келіссөздердің жемісі – Женевалық келіссөздерді «тірілтіп», оған қатысатын сириялық оппозицияның құрамын кеңейтуге үлес қосқаны.

 

 

Редакция таңдауы

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....
437234a1 f1ea 4501 a3a0 810cff0899b6

293 дана киік мүйізін сатпақ болған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция...
zh1

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай...
halima

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы...

Жаңалықтар

293 дана киік мүйізін сатпақ болған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап. «Биыл 9 сәуірде киік мүйізінің...

Жириновскийдің тағы жыны қозған ба?

Әдетте өзге елдің ресми тұлғаларына қатысты сөз айтарда мәдениеттің шегінен шықпай, сыпай түрде сөз саптайсың ғой. Бірақ партия лидері бола тұра және бір елдің...

Өзбек «Ақжүнісі». Ол кім?

Ақжүніс десе «Ер  Тарғын» дастанындағы ару да қайсар қыз және соның операдағы бейнесін сомдаған қазақтың даңқты әншісі Күләш Байсейітова есімізге түседі. Ал Ақжүніс образын...

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам өзін өртемек болды

Нұр-Сұлтанда банкке берешегі бар ер адам баспанасын тартып алмауы үшін өзін өртемек болды. Көп балалы отбасы көшеде қалғалы тұр. Астана тұрғыны бұл шешіммен келіспейді,...

Қазақстандық спортшы таға майыстырудан әлемдік рекорд орнатты

Қазақстандық Сергей Цырульников Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды "Хабар 24". Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников...

Еліміздегі 10 миллион гектар орман алқабы жайылымға берілмек

Елде орман қоры ретінде арнайы қорғауға алынған алқаптың 10 млн гектары жайылымға беріледі. Бұл мәселе бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссиясының үшінші отырысында қаралды. Жиын...

Журналистиканың ардагері Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойы аталып өтті

Оңтүстік өңірдің ардақты журналисі Байдулла Қонысбектің 80 жас мерейтойын атап өту шаралалары Түркістанда бастау алды. Атап айтқанда, Қазақстанның құрметті журналисі, Түркістан облысы мен Бәйдібек...

Көктемде иммунитетті жақсартатын 5 дәрумен

Гиповитаминоз - адам ағзасына дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі. Көбінесе гиповитаминоз қыста және көктемнің басында, жаңа піскен көкөністерді, жемістерді тұтынбағаннан, күн сәулесінен келетін дәрумендер азайған кезде...

ШҚО-да жоғалып кеткен екі жасар баланың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар...

Мемлекет басшысы Ұлыбритания патшайымына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбур герцогі Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды akorda.kz Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы II...

Ingenuity тікұшағы 11 сәуір күні Марста алғашқы рейсін жасайды

Ingenuity тікұшағы 11 сәуірде Марста алғашқы рейс жасайды. Бұл туралы ToDay News Ufa РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады. Бастапқыда ұшу 8 сәуірге жоспарланған болатын, ұшу...

Қабдеш Жұмаділовтің телеарнаға берген соңғы сұхбаты (видео)

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 85 жас мерейтойына орай түсірген, алайда қаламгердің өзі көріп үлгермеген соңғы сұхбатын ұсынады. Жазушының...

«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасына Түркия қолдау көрсетеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған "Ясауи ізімен" ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналады. Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы...

Пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Ірі көлемде пара алып жатып ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді. 2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас...

Нұр-Сұлтандағы карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды. Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады: кинотеатр, боулинг,...

Елімізде өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2734 адамнан коронавирус анықталып, ПТР арқылы расталды.  Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 548, Алматы қаласы - 715, Шымкент қаласы - 85, Ақмола облысы - 99, Ақтөбе...

Вакциналарды араластырып салмаған жөн – ДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері вакциналарды араластырып салдырмауға кеңес берді. Бұл мәлімдемеге Францияның денсаулық сақтау министрінің шешімі түрткі болған. Себебі министр «АстраЗенека» компаниясы екпесінің бірінші...

iPhone 13-ке қатысты жаңа деректер жарияланды

Apple-дің жаңа смартфонында деректерді қорғайтын екі сенсор — Face ID және Touch ID болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында белгілі инсайдер Макгуайр Вуд мәлімдеді,...

Президент: Сапасыз жолдарды жөндеуге мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға берді. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.  «Еліміздегі республикалық және жергілікті...

104 жастағы кейуана коронавирусты екінші мәрте жеңді (видео)

Колумбияның Тунха қаласында тұратын 104 жастағы Кармен Эрнандес коронавирусты екінші рет жеңді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап centralasian.media хабарлады.  Алғашында кейуана коронавирустан 2020 жылдың...

Букингем сарайы: Эдинбург герцогы Филипп 99 жасында қайтыс болды

Британдық герцог Эдинбург ханзадасы Филип 99 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Букингем сарайы ресми түрде мәлімдеді. Ол патшайым Елизаветамен 74 жыл отасқан. Олардың төрт баласы...

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакциналар мутацияланған вирусқа төтеп бере ала ма – маман жауабы

Ел тұрғындарына салынып жатқан «Спутник V» вакцинасы коронавирустың мутацияланған штамдарына қарсы тұра ала ма? Бұл сауалға онлайн брифинг барысында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық...

Алматының екі ауданында суық су болмайды

Медеу және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті....

Солтүстік Корея «Қиын жорық» жолына түседі — Ким Чен Ын

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Еңбек партиясының барлық деңгейдегі ұйымдары "Қиын жорық" жолына түсетінін мәлімдеді. Бұл саясат Солтүстік Кореяда 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс пен...

Қатыгездіктің күшеюі – қоғамның осалдығы

Адам өмірі – ең аяулы да ұлы құндылық. Өйткені жер бетін­де тіршілікке әр беріп тұрған одан асқан киелі де қа­сиетті нәрсенің өзі жоқ. Бірақ...

Мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге үстемақы қосылатыны рас па — министрлік түсініктеме берді

Қазақстандық зейнеткерлер мамыр айында зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде үстемақы алатыны туралы жалған хабарлама таратуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты...

Тәуелсіздік құрдастары – жас актерлар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында егемендіктің 30 жылдық жолына қорытынды жасап, болашаққа деген бағдарымызды тағы бір...

Тағы бір мемлекет төрт күндік жұмыс аптасына көшеді

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін Жапония билігі төрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесін пысықтап жатыр.  Daily Mail басылымының хабарлауынша, жапон үкіметі жұмыс уақытының қысқаруы...

Салық – халықтың қазынасы

Қазіргі кезде ел азаматтарын төленбеген салық, өсімпұл мә­селелері жиі алаңдатады. Оған қоса салық рақым­шы­лы­ғы, салықтағы түрлі жеңілдіктер, жаңалықтар, жүр­гізі­ліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты білу...

Алматыда жылжымалы вакцина салу пунктері ашылады

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинацияға арналған жылжымалы медициналық пунктер құрылады. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты. «Медициналық мекемелер мен емханалардан...

Байден АҚШ-тың әскери бюджетін қысқартпақ

АҚШ президенті Джо Байден елдің әскери бюджетін қысқартпақ. Бұл салаға бағытталатын қаржы көлемі елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың  бөлгісі келген сомадан 7 млрд долларға...

Ажырасу алаңдатып тұр

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Қазақ­тың бұл сөзінің өзектілігі жыл өткен сайын артып келеді. Сарапшылардың есе­бінше, Қа­зақстанда әр сағат сайын ал­ты неке бұзылады екен....

«Болашақ» – білімді мен біліктінің тірегі

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында жаңа тәуелсіз елдер пайда болып әлем картасына өзгеріс еніп қана қойған жоқ, осы ғасырдың туындысы − ақпараттық технологияның дамуы ғылым-білім...

Жанарбек ӘШІМЖАН: Miras кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр

Мемлекет басшысының «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын іске асыру аясында 14 кеңес құрылды. Әрине, барлығының өзін­­дік орны мен мақсаты, бағыт ба­ғ­да­ры алабөтен, бірақ...

Соңғы көш Кеңсайдан емес, кең даладан дамыл тапты…

Бұдан бұрынғы жылдары өмілдірік құйысқаны күнмен көмкеріліп кісінеп ерте жететін кербесті көктемнің биылғы келісі кештеу болды. Көкек шақырып үлгермей, Арқаның ақ түтек ақпа бораны...

Атырауда бала ұрған тәрбиеші 4 жылға сотталды

Атыраудағы №2 қалалық сот сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №20 "Алтын балық" мамандандырылған балабақшасының тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Педагог...

Негізгі ұстаным – елімізде адам капиталын дамыту

«Nur Otan» партиясының жанынан Білім мен ғы­лымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесі құрылғаны баршамызға белгілі. Еліміздің дамуының негізгі бағыттарын қамтитын дәл осындай 14 Қоғам­дық кеңес...

Америкалық отбасы Моңғолияда қазақ тілін үйретіп жүр

АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасы­мен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа...

СҚО «сары» аймақта: Өңірде карантин күшейтіледі

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары аймаққа» өтті. Осыған орай бүгін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланады. СҚО санитаириялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше,...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1993 жылғы 15 сәуірде Бельгия Корольдігінде Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды. 1996 жылғы 10 сәуірде Ресей Федерация­сын­да Қазақстанның әдеби және мәдени күндері өтті. 1999...

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында энциклопедия тұсаукесері өтті

8 сәуір күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» басылымының тұсаукесері болып өтті. Руханият қоржынымыз тағы...

Ақордада тағы да кадрлық ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Жайсаңбаев Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. Кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан...

Алматы облысында 12 сәуірден бастап карантин шаралары күшейтіледі

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Алматы облысының аумағында карантин режимі және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, 12 сәуірден бастап...

Ғарышкер қазақ елін сағынышпен еске алды

1981 жылы нау­рыз айының 22-сі күні моңғол азаматы Жуг­дэрдэмидийн Гуррагчаа мен КСРО-ның екі дүркін Батыры, ұш­қыш-ғарышкер Вла­димир Жаныбеков «Союз-39» кемесімен Бай­қо­ңыр­дан ғарышқа көте­рілген болатын....

Қол ұстасып көш бастаған

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық белесіне  қадам басып отырмыз. Бұл жылдарда  елі­міз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей  бас­шы­лығымен бұрын-соңды болмаған мол табыстарға жетті....

Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық

Өкінішке қарай, биыл да қасиетті Рамазан айын пандемия жағдайында өткізгелі отырмыз. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынын анық аңғардық. Осы ретте сіздерді...

Алматыдағы екпе салу орындарының тізімі жарияланды

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы емханалардан басқа нысандарда ашылған екпе салу орындарының 9 сәуірдегі жаңартылған тізімін ұсынды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпе...

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Әсен Жақсылықов Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды. Әсен Жақсылықов 1980 жылдың 3...

Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9...

Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен екі адам табылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданы Қаракөл ауылынан Жаңа Бұқтырма кентіне бет алған 1988 жылғы әйел мен 1986 жылғы ер адам жоғалып...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 264 мыңға жуықтады

Қазақстанда өткен тәулікте 2440 адамда коронавирус расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz жазды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 446, Алматы қаласы - 717, Шымкент қаласы - 72,...

Талдықорғанда жаңа қалашық тұрғындарын сотқа беріп жатыр

Талдықорғанда жаңадан салынған коттеджді қалашықтың тұрғындары газға белшесінен қарызға батып жатыр. 250 тұтынушының берешегі 22 миллионға жеткен. ҚазАқпараттың жазуынша, 2 жыл бойы үндемедік деген «ҚазТрансГазАймақ»...

9 сәуір: тарихи оқиғалар күнтізбесі

Осыдан 2 жыл бұрын, 2019 жылы 9 сәуірде Қазақстан тарихында маңызды оқиғалардың бірі орын алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан уақытымен 13.00-де республикалық телеарналар...

Карантин талабын бұзған әкімге айыппұл салынды

Қызылорда облысында мерекелік шараның бірінде карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды. Бүгінде өңірде бұл бағытта 45 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Оның құрамында полиция департаменті,...

Бүгін республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек оңтүстік бөлігінде күн...

Оппозиция сайты арандатушы пікірді неге жалаулатып тұр?

Қазіргі кезде электрон ақпарат құралдарын тіркетіп алып, «демократия» деген желеумен ел арасына іріткі салушылар көбейіп кеткен сияқты. Әсіресе шетелде тіркелген сайттарда екіұшты пікірлерді қалай...

Самарқанд облысында жайылымсыз қалған шопандар қалаға қойларын айдап кірді

Қайсы елде болса да, соңғы жылдарда тіршілігін малмен байланыстырған халыққа кедергі көбеюде. Себебі елді мекендердің маңайындағы жерлердің бәрін иелеп алғандар қарапайым халыққа мал жаятын...

Ертісбаев революцияға жол бермеу үшін биліктің не істеуі керек екенін айтты

Бұл жолғы шығарылым талай халықты сорға қалдырған, экономикаларды жұтатқан түрлі-түсті төңкерістерге арналды. Бұл туралы саясат ғылымдарының докторы Ермұхамет Ертісбаев Yertysbayev Live YouTube-арнасындағы сұхбатында мәлім етті. Бұл...

Түрмеде асылып қалған ер адамға қатысты тергеу басталды

Орал қаласында түрмеде 33 жастағы ер адам асылып қалды. Оқиға 7 сәуір күні БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/3 мекемесінде болды. 1988 жылғы жазасын өтеуші...

Рамазан айында Құран хатым рәсімдері қашықтан оқылады

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде...

Елбасы кітапханасы мен Халықаралық Түркі академиясы арасында меморандумға қол қойылды

Елбасы кітапханасы мен Халықаралық Түркі академиясы бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, тәжірибе алмасуды көздейтін меморандумға қол қойды. –  Түркі академиясы жыл сайын ғылым, мәдениет,...

Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма – Бас мүфти

Бұл сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді. «Дініміз жеңілдікті қалайды. Егер коронвируспен ауырып, жазылғаннан кейін денсаулығыңыз ораза ұстауға...

«Nur Otan» партиясы: қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 43 мыңнан астам өтініш түсті

«Nur Otan» партиясында қазақстандықтардың қандай түйінді мәселелерін шешуге қол ұшын созып жатқаны туралы айтылды. Жыл басынан бері еліміз бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 43 мыңнан...

Вакцина алған адам қалай тамақтануы керек

Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарда вакцина алғаннан кейін иммунитет жылдам қалыптасады. Республикалық диагностикалық орталықтың клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена...

Министр оқушылар қашан мектепке оралатынын айтты

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың қашан мектепке оралатынын айтты. «Пандемияға байланысты жағдай тұрақталып, өңірлер «сары» және «жасыл» аймаққа кіргенде оқушылар мектепке оралады....

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі...

Министр отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шығаруға қатысты түсінік берді. «Тиісті стандарттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу...

Зейнетақы қорынан жарты миллион теңгені қалай алуға болатыны хабарланды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жарты миллион теңгені қандай жағдайда алуға болатынын хабарлады. Бұл туралы Қордың Instagram-дағы парақшасында жазылған. Қорға зейнет жасына жеткен кезде жинақ қандай жағдайда бір рет төленеді...

5 адам қаза тапты: ата-әжесін немерелерімен атып өлтірген

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Рок-Хилл қаласында болған атыс салдарынан бес адам, соның ішінде екі бала қаза тапты. ҚазАқпараттың Fox 13 телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, құқық...

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері қандай келісім жасағаны белгілі болды

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты...

Түркістанда дәрігерлер мерзімінен бұрын туған үшемнің өмірін арашалап қалды

Түркістандағы №3 облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, бүгін перзентханадан шығарып салды. Дәрігерлердің айтуынша,...

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мемлекет басшысының сынына жауап берді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шектеулер мен рейдтер күтілген нәтиже әкелмей отыр деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы...

Биыл қанша білім гранты бөлінеді – министр жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл бакалавриатқа – 51 500, магистратураға 13 500 грант берілетінін мәлімдеді. «Биылғы мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыс атқарылуда....

Қызылорда қаласына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды....

СҚО-да еліктер аштан өліп жатқан жоқ – инспекция

Солтүстік Қазақстан облысында еліктердің өлуіне қатысты әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларға орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының өкілдері түсінік берді. СҚО-да бірер күннен бері әлеуметтік...

Коронавирустың британдық штамы әдеттегіден 1,32 есе жұқпалы – жапон ғалымдары

Жапонияда коронавирустың британдық штаммының таралу коэффиценті бастапқы нұсқасына қарағанда 1,32 есе жоғары болып шықты. Жапония Инфекциялық аурулар бойынша ұлттық институтының мамандары осындай қорытынды жасады,...

Баспасөз хатшысы Президенттің неге «Спутник-V» вакцинасын салдырғаны туралы айтты

Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Бұл туралы ҚР Президентінің...

Атырауда ауаның ластануы: «Теңізшевройлға» қатысты тексеру басталмақ

Экология министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы...

Елорда тұрғындары газ қосу үшін пайызсыз несие ала алады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және «ECOJER» қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газбен қамтуға жәрдемдесу бойынша жоба іске...

Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылы су астында қалды

Екі өңірдің құтқарушылары Қоянды кентінде құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.  Елорда маңындағы Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары...

Елорданың бас санитары қала тұрғындарына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуге шақырды. «Құрметті елорда тұрғындарымен қонақтары! Біздің қоғам үшін маңызды діни...

Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан...

Ажыраспақ болған әйелін бопсалаған оралдықтың басы бәлеге қалды

Оралдық азамат ажыраспақ болған әйелін бопсалаймын деп басы бәлеге қалды. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, ер адам...

Қазақстаннан көлік ұрламақ болған Ресей азаматы ұсталды

Оралда көлікті айдап кетпек болған Ресей азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті қызметкерлеріне 1992 жылы туған Ж. есімді азамат...

Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 5 наурыздағы жағдай бойынша қанша адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынғанын жариялады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтанда 21350, Алматыда 48501, Шымкенте 12027, Ақмола...

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі ДНҚ-ны тапты

Ғалымдар әлемдегі ең ежелгі адамның ДНҚ-сы қазіргі Чехия аумағында 45 мың жыл бұрын өмір сүрген әйелге тиесілі екенін анықтады. Ол үшін Германиядағы Макс Планк...

437,2 мың көпбалалы отбасы 69 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 69,2 млрд теңге жәрдемақы алды. 2021 жылғы қаңтардан наурызға дейін көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 69,2...

Ер адам алып қашқан қызын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған

Бішкектегі көшелердің бірінен ұрланған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың мәйіті табылды. Оны алып қашты деп күдіктелген 31 жастағы ер адам қызды өлтіріп, артынан өзіне қол...

Коронавирус: Тағы екі өңір «сары» аймаққа енді

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. 2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен...

8 сәуір: ел есінде қалған елеулі оқиғалар

8 cәуір егемен ел тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? 1992 жылы Еуропалық Одақ комиссиясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Қаржыландыру туралы меморандумға қол қойылды. 1999 жылы...

Жолға таласқан жүргізушілердің қақтығысы кезінде бір жасар балаға оқ тиді

Чикагода жолды бөлісе алмаған жүргізушілердің қақтығысы кезінде бір жасар сәбидің басына оқ тиді, деп хабарлайды ABC News.  Полиция дерегінше, екі жүргізушінің қақтығысы олардың біреуі екіншісінің...

COVID-19: Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді

Ақтауда бетпердесі жоқ жолаушыларды кондукторлар автобустарға кіргізбейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы. Облыстың бас санитар дәрігерінің 6 наурыздағы қаулысына орай,...

Алматыда полицейлер 247 млн теңге көлеміндегі айыппұл туралы деректерді заңсыз өшірген

Алматыда тәртіп сақшыларына қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылып, бірнеше...

Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды

Бразилияда 18 түрлі мутацияны біріктіретін коронавирустың жаңа қауіпті штаммы табылды, деп хабарлайды Globo порталы. Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласында табылған инфекцияның жаңа түрі коронавирустың бұдан...

Алматы облысында көпбалалы ана 14-перзентін дүниеге әкелді

Алматы облысы Кербұлақ ауданында алтын құрсақты «Батыр ана» Гүлнәз Жеңісбайқызы 14-ші сәбиін дүниеге әкелді. Отбасын осы қуанышымен аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев құттықтады. Бұл отбасыға...

Алматыда жолдың бір бөлігі опырылып түсті

Алматының Медеу ауданында жолдың бір бөлігі опырылып түсті. Оқыс оқиға туралы Facebook қолданушысы, қала тұрғыны Виктор Ким хабарлады. Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына...

«Астана» футбол клубы испандық ойыншымен толықты

«Астана» футбол клубы Кадете деген атпен танымал, 26 жасар испандық ойыншы Энрике Лопез Фернандезпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі. Кадете – испандық...

Вице-министр вакцина салдырған соң қайтыс болған перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Алматыда вакцина салдырған соң қайтыс болған №4 перзентхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді. «Егер вакцинаның жанама әсері туралы айтсақ, яғни, аллергиялық әсер болса,...

Әйелінің жемқорлық әрекетін әшкерелеген Талғар тұрғынына сыйақы берілуі мүмкін

Әйелінің заңсыз әрекетке барғанын айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған Талғар тұрғынына сыйақы беріле ме? Бұл туралы Антикоррупциялық қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов айтып...

«Бұл кездейсоқтық емес»: Ердоғанмен кездесуде Еурокомиссия төрағасына орындық берілмеді (видео)

Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйенге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер кезінде орындық берілмеді, деп жазады The Washington Post. Ердоғанның фон дер Ляйенмен және...