Мектепке қаруланып келген 9-сынып оқушысы балаларды жарақаттады

Мектепке қаруланып келген 9-сынып оқушысы балаларды жарақаттады

Мектепке қаруланып келген 9-сынып оқушысы балаларды жарақаттады
ашық дереккөзі
Петропавл қаласындағы №4 мектепте төтенше жағдай тіркелді. 9-сынып оқушысы сөмкесіне балта мен пышақ салып апарып, мектепте үш баланы жаралаған деп хабарлады turkystan.kz өңірлік Білім басқармасына сілтеме жасап. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта №4 орта мектепте полицияның тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, мектепке қаруланып келген бала психиатриялық есепте тұр. Ал мектепте мамандандырылған күзет қызметі болмаған.