Зілзала зақымдаған өркениет жауһарлары

Зілзала зақымдаған өркениет жауһарлары

Зілзала зақымдаған өркениет жауһарлары
ашық дереккөзі
23163

Дәл қазір бізге мәлім ақпаратқа сүйенсек, Түркия мен Сирияда болған жойқын дүмпуден шамамен 6 мыңдай ғимаратқа зақым келген. Оның ішінде бірнеше мыңжылдық тарихы бар, адам өркениетімен құрдас ең көне сәулет ескерткіштері, дүниежүзілік мұра ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген нысандар да бар.

Газиантеп бекінісі

Жер сілкінісінің эпицентрі бекініс орналасқан қаладан 26 шақырым жерде болды. Газиантеп бекінісінің құрылысы біздің заманымыздың II ғасырына шамаланады. Оның іргетасын римдіктер қалаған. Бастапқыда ескерткіш тұрған төбені Хетт империясы бақылау бекеті ретінде пайдаланыпты. Біздің заманымыздың II-III ғасырларында нысан кеңейтіліп, негізгі қамал бөлігі салынған. Бекініс ХХ ғасырдың басында түрік тәуелсіздігі жолындағысоғыс кезінде де маңызды рөл атқарыпты. Қамал бұзылғанға дейін Газиантептің ерлігі мен қорғанысының белгісі, панорамалық мұражай болып келген.

 width=

Түрік билігі қамалға келтірілген залалдың көлемін мамандар әлі анықтай алмайтынын атап өтті. Десек те, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кадрлардан тарихи нысанның толығымен жойылуға шақ қалғанын байқауға болады. Шығыс және оңтүстік бастиондар құлаған, қамалдың айналасындағы темір қоршаулар мен қабырғалар қатты зақымданып, үлкен жарықтар пайда болды. XVII ғасырда бекіністің жанына салынған мешіттің күмбезі мен шығыс қабырғасы жартылай қираған.

 width=

 Ширвани мешіті

Жер сілкінісі түріктің ежелгі Ширвани мешітін де қиратты. Ол Сеферпаша ауданында, Газиантеп сарайының оңтүстік-батысында орналасқан.

 width=

Сәулет ескерткішінің құрылысын XIV ғасырда Ширвани Мехмет Эфенди бастаған. Яғни нысан сол адамның есімімен аталады. Мешіттің Ики Шерефели Камия деген де атауы бар.

 width=

Малатиядағы үлкен мешіт

Қираған тағы бір тарихи ғимарат – Түркияның шығысындағы Малатия қаласының орталығындағы үлкен мешіт. Бұл – қаланың басты көрікті жерлерінің бірі болған.

 width=

Мешіттің іргетасы XIII ғасырда қаланған. Бұл сәулет ескерткіші бүгінгі күнге дейін сақталған түпнұсқа декорациясымен, көгілдір-көк, жасыл, көк және күлгін мозаикасымен танымал.

 width=

 Алеппо Цитаделі

Жер сілкінісі Сирияның солтүстігіндегі әйгілі Алеппо бекінісіне зақым келтірді. Ұлы әл-Ғази мешітінің мұнарасы, бақылау мұнарасы, бекініс қабырғалары бүлінді. Цитадельдің ең көне бекіністері біздің заманымыздың X ғасырына жатады, олар 13 жыл бойы салынған.

7 ақпанда ЮНЕСКО зілзаладан кейін Алеппо цитаделінің жағдайына алаңдайтынын хабарлады. Ұйым ескерткіште «айтарлықтай зақым» бар екенін мәлімдеді.

 width=

Цитадель бұрын да жер сілкінісі салдарынан бүлінген. Әсіресе, 1828 жылы бекініс қатты зақымданыпты.

XIII ғасырдың бірінші онжылдығында цитадель сарай, монша, мешіттері бар ең бай қала болды. Алайда, 1516 жылы Алеппоны Осман империясы басып алған соң рөлі біртіндеп әлсірей бастады. Қала бекініс қабырғаларынан тыс кеңейді. 1986 жылы цитадель ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне «Ескі Алеппо қаласы» ретінде енген еді.

 width=

 Маркаб кресшілер сарайы және Эль-Кадмус бекінісі

Сириядағы Жерорта теңізінің жағасында тұрған Маркаб қамалы да зақымданды. Бұл туралы 6 ақпанда Сирияның SANA агенттігі Араб Республикасының Көне заттар мен мұражайлар бөліміне сілтеме жасап хабарлады.

Кресшілер қамалды Маргат деп атаған. Сәулет ескерткіші Банияс портынан алты шақырым жерде сөнген жанартаудан түзілген биік жерде орналасқан. Іргетасы шамамен 1062 жылы қаланған.

 width=

БАҚ нысанда бірқатар қабырға, сондай-ақ мұнаралардың біріне айтарлықтай зақым келгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Баниядан 30 шақырым жерде орналасқан Эль-Кадмус қаласындағы ортағасырлық бекініс те біршама зақымданған. Бекініс толықтай қирап, бірнеше ғимараты бүлінген.

Гөбекли-Тепе

Жер сілкінісі эпицентрге жақын орналасқан Гөбекли Тепе ғибадатхана кешеніне де әсер етуі мүмкін. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одре Азуле осындай алаңдаушылық білдірді.

Ғибадатхана әлемдегі ең көне ірі мегалитикалық құрылым саналады. Ол шамамен 12 000 жыл бұрын, біздің дәуірімізге дейінгі IX ғасырда салынған.

 width=

Сәулет ескерткіші Шанлыурфа қаласынан солтүстік-шығысқа қарай сегіз шақырым және Түркияның шығысындағы Оренджик ауылынан 2,5 шақырым жерде орналасқан.

Кешен дөңгелек пішінді 20 құрылымнан тұрады. Кейбір ғалымдар оны діни рәсімдер өткізетін объекті деп есептейді. Басқа мәліметтерге сәйкес, Гөбекли Тепе аурудан емделетін орын ретінде салынған.

Немрут-Даг

Түркиядағы Немрут-Даг тауындағы археологиялық ескерткіштерге де зиян келуі мүмкін.

Ғалымдардың пікірінше, біздің дәуірімізге дейінгі 62 жылы армян Ервандид әулетінің Комаген Антиох I Теос патшасы таудың басында биіктігі сегіз-тоғыз метр болатын үлкен мүсіндермен қоршалған осы қасиетті орынды салдырған. Ортасында ұсақ тастар бар.

 width=

Астында біздің дәуірімізге дейінгі 69-38 жылдары өмір сүрген Антиох I Комаген жерленген деген болжам бар. Алайда, 1954 жылдан 1963 жылға дейін жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Антиохтың жерленген жері табылмаған.

Телл-оф-Арслантепе

Евфраттан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде Малатия жазығында орналасқан биіктігі 30 метрлік Телл-оф-Арслантепе қорғаны жойылуы мүмкін деген қауіп бар. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, бұл территорияда жазу пайда болғанға дейін Таяу Шығыстағы мемлекеттіліктің алғашқы формалары бар қоғам пайда болған. Қорғанға біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдан б.з. XI ғасырға дейін халық қоныстанған қоныстанған.

Бұл жерден бірегей металл мен қару-жарақтар, соның ішінде әлемде ең алғаш соғылған қылыштар табылған.

 width=

Әлемнің жеті кереметінің алтауы табиғи апаттардан жойылғанын, соның ішінде бесеуінің жер бетінен тып-типыл жоғалуына жер сілкінісі әсер еткенін білеміз. Бізге олардың өмірде болғанынан тек ғалымдардың жазбалары,  ақындардың жырлары, суретшілердің кенебі ғана хабар береді. Бір кезде атағы аспандап, тұтас бір елдің айбынын аңғартатын нысандардан қалған қирандылар мен үйінділер – технология қаншалықты дамып, өркениет көші қаншалықты алысқа ұзаса да, адамзат табиғаттың алдында дәрменсіз екенін еске түсіретіндей.

сурет интернеттегі ашық дереккөзден алынды

Серіктес жаңалықтары